Органикалық химияға кіріспе. Органикалық заттардың классификациясы. Органикалық химия



Дата21.11.2022
өлшемі164,7 Kb.
#159199
түріСабақ
Байланысты:
103, 104, 106 -37


№37 Сабақтың тақырыбы: Органикалық химияға кіріспе. Органикалық заттардың классификациясы.
Органикалық химия – химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін саласы.
Органикалық химияның органикалық заттардың синтезі мен құрылымын анықтауда, ондағы электрон тығыздығыныңтаралуын, атомдардың кеңістіктік орналасуын және химиялық реакция механизмін белгілеудегі мүмкіндіктері шексіз. Сонымен қатар ол ғылым мен техниканың жаңа салаларының пайда болуына және дамуына ықпал етеді.
Органикалық химия терминін алғаш 1808 жылы швед химигі И.Берцелиус (1779 – 1848) ұсынған. Бұл термин ол кезде тек тірі организмдермен ғана байланыстырылып түсіндірілді. 19 ғасырдың аяғында көптеген зерттеулер нәтижесінде органикалық қосылыстар синтезделіп, ол түсінік жоққа шығарылды. Органикалық химияның ғылым ретінде дамуы осы кезден басталады. Органикалық химияның дамуында 1861 жылы А.Бутлеров ашқан органикалық заттардың құрылыс теориясы маңызды орын алады. Осыған байланысты органикалық химияға химиялық байланыс, молекулада атомдардың байланысу реті, олардың өзара әсері, т.б. жаңа ұғымдар енді. Бутлеровтың құрылыс теориясы осыған дейін белгісіз болып келген изомерия құбылысын толық түсіндіре алды. Одан басқа: типтер теориясы, фрагменттердің молекуладан өзгеріссіз жаңа молекулаға өтуі, валенттілік ережесі, бензолдық теория, құрылыс, изомерия құбылысы, молекуладағы атомдардың кеңістіктік орналасуы, атомдардың өзара әсер теориялары, т.б. көптеген жаңалықтар органикалық химияны одан әрі дамытты. 20 ғасырдың басында талдаудың жаңа физикалық әдістері жасалып, жетілдірілді: хроматографиялық, ЭПР, рентген, құрылымдық талдау, масс-спектроскопия, ядролық-магниттік резонанс, инфрақызыл және ультракүлгін-спектрометриясы, т.б. Бұл әдістер химиялық әдістерді қолданбай-ақ, күрделі органикалық заттардың құрылымын тез және дәл анықтау мүмкіндігін берді.

Этилформиат

Органикалық қосылыстардың классификациясы
Органикалық қосылыстардың негізі етіп көмірсутекті алады да, қалған қосылыстарды, олардың туындылары ретінде қарайды. Көміртек тізбегінің құрылысына қарай органикалық қосылыстар ашық тізбекті (алифаттық) және циклді (тұйық) қосылыстарға бөлінеді.
Ашық тізбекті қосылыстар екіге бөлінеді: қаныққан көмірсутектер (формуласы СnH2n+2) және қанықпаған көмірсутектер (формуласы СnH2n, СnH2n-2 бұлардың құрамында қос, үш байланыстар болады).
Тұйық тізбекті қосылыстар екіге бөлінеді: карбоциклді және гетероциклді.
Карбоциклді қосылыстардың тұйық тізбегі тек көміртегі атомынан тұрады және сонымен бірге алициклді және ароматты болып екіге бөлінеді.
Гетероциклді қосылыстардың тұйық тізбегі көміртегі мен сутегі атомдарымен қоса басқа да атомдардан құралады. Гетероциклді қосылыстар түзуге көбінесе азот, күкірт, оттегі атомдары қатысады.
Органикалық қосылыстар құрамы мен құрылысына байланысты кластарға бөлінеді.
Алициклді және ароматты қатарлардың ең қарапайым өкілдері - көмірсутектер.
Егер көмірсутектердегі сутегі атомдарын басқа атомдарға не атомдар топтарына – функциональды топтарға – ауыстырса, сол қатардың басқа кластары пайда болады.
Органикалық қосылыстар кластарының химиялық өзгерістері бағытын орын басқан атомдар мен функцинальды топтар анықтайды.
Орын басқан атомдары не функциональды топтары бірдей көмірсутектер және олардың туындылары гомологтық қатар түзеді. Сонымен, гомологтық қатарға құрылысы ұқсас, сондықтан химиялық қасиеттері де ұқсас, бір-бірінен СН(метилен тобы – гомологтық айырмашылық) тобына айырымы бар заттар қатары жатады.
Органикалық қосылыстардың негізгі кластары:
1. Көмірсутектер (R – H);
2. Галогентуындылар (R – Hal);
3. Спирттер (R - OH);
4. Жай және күрделі эфирлер (R – O - R; R – CO – OR);
5. Карбонильді қосылыстар – альдегидтер мен кетондар (R – CHO; R – CO - R);
6. Карбон қышқылдары (R - COOH);
7. Аминдер (R – NH2; R2 – NH; R- N),
8. Нитроқосылыстар (R – NO2);
9. Сульфоқосылыстар (R – SO3H);
10. Металорганикалық қосылыстар (R - Me).
Осы кластарға қаныққан заттар және еселік байланыстары бар (қанықпаған) заттар кіреді.
Тапсырмалар:

  1. Конспект жазу (25 балл)

  2. Сұрақтарға жауап беру (25 балл)

  3. «Көмірсутек» сөзіне синквейн құру (25 балл)

  4. Сілтеме бойынша бейнежазба қарау (25 балл) https://youtu.be/HVpcA8Yo5fE https://youtu.be/9I3s0hMTXC0

Кері байланыс
Өздеріңізге сәйкес жауапты дәптеріңізге жаза кетіңіз

Сұрақтар:

  1. Органикалық химия нені зерттейді?

  2. Органикалық химия терминін алғаш кім ұсынған?

  3. Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласы қандай?

  4. Органикалық қосылыстардың негізгі кластарын атаңыздар

  5. Органикалық заттардың құрылыс теориясын кім және қашан ашты?





Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.
2. Органикалық заттардың шығу көздері.
3. А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидаларын атаңыздар.
4. Изомерлер деген не?
5. Органикалық қосылыстар қалай жіктеледі?
6. Химиялық байланыстың қандай түрлері бар?
7. Коваленттік байланыс деген не?
8. Иондық байланыс деген не?
9. Органикалық қосылыстарға тән реакциялар
10. Нуклеофильдік, электрофильдік реагенттер деген не?
11. Бромсутек молекуласын мысалға алып, коваленттік байланысты түсіндіру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет