42
Кіріспе
Нарықтық
экономика жағдайында, өндірістің экономикалық тиімділігі өнімнің
бәсекелестігі, ең алдыңғы меже болып тұрғанда ғылыми дәйектелген жаңа алдыңғы
дәрежелі технологияны жасау, ендіру, сала ісін жүргізуде қой етін және жүн өндіру үшін,
қойдың толық биологиялық мүмкіндігін пайдалану кезек күттірмейтін мәселе.
Сондықтан сапалы қозы және
жас қой етін өндіру кезінде, қозылар мен еркек
тоқтыларды олардың жас ағзасының өсу қуаттылығын толық пайдалануға негізделген,
жайып семірту және бордақылаудың қарқындылығын арттырудың маңызы зор.
Азықтандырудың қолайлы жағдайын жасау және өсіру кезіндегі күтімі,
жайып
семіртумен, бордақылауға жұмсалатын азықты, жұмыс күшін, неғұр-лым үнемдеуді
қамтамассыз етеді және өндірістің тиімділігін жоғарылатады. Қазақстан Республикасында
оның кең байтақ жері мен табиғи климаттылық жағдайының алуан түрлілігі, экономикалық
және басқа себептерге байланысты қарқынды технология жергілікті жағдайлары мен
қорларды терең білуге құрылғаны жөн [1].
Ғылыми жұмыс осы қой тұқымының биологиялық қасиеттерін
толық сақтап қана
қоймай, олардың жергілікті жер жағдайына бейімділігін күшейтіп, генетикалық
потенциалын одан әрі жақсартып, оның өнімділік көрсеткіштерін жоғарылатуға арналған.
Оңтүстік шығыс Қазақстанның тау бөктерінде орналасқан биязы жүнді қой
шаруашылықтарында, ірі көлемде селекциялық-асылдандыру жұмыстары жүргізіліп
келеді. Осы мақсатта әлемдік және отандық жоғары өнімді қошқар-ларды пайдалану
нәтижесінде жүн өнімділігі мен малдардың тірілей салмақ-тары көтерілгені байқалады [2].
Қазақтың биязы жүнді қойының өнімділік көрсеткіштерін
жақсарту тұрғысында
ғылыми ізденістердің нәтижесінде шығарылған, таза жүн түсімі 2,8-3,0 кг-нан астам, жүн
талшықтарының физико-механикалық қасиеттері жақсартылған, жайылымдық жағдайда
жоғары өнімділігімен сипатталатын австрало-қазақтың биязы жүнді жаңа сүлесін
шығарудың селекциялық негіздерін жасау осы өлкеде жүргізіліп
жатқан ғылыми
зерттеулердің маңыздылығы өзекті болып табылады.
Келешекте биязы жүнді қой шаруашылығы негізінен экологиялық таза ет және
жоғары сапалы 18,0-20,0 мкм жіңішке биязы жүн өндіру бағытында қарқынды дамитын
болады және осы бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулер ертеңгі күннің, яғни бәсекелестікке
төтеп бере алатын талапқа сай болып, өзекті мәселені шешуге септігін тигізері сөзсіз [3].
Достарыңызбен бөлісу: