Зерттеу нәтижелері.
Қазақстанда өсірілетін биязы жүнді қойлар (қазақтың биязы
жүнді тұқымы, солтүстіккавказ, оңтүстік мериносы, қазақтың архармериносы) австралия
мериносынан төмендегідей сапалы көрсеткішінен төмен: қырқылып алынған жүн
салыстырмалы биік емес жуылған жүн талшығының шығымы аз, жүннің технологиялық
сапасы жоғары емес, жүн талшығы ұзындығы және жіңішкелігі жөнінен біркелкіемес,
шайырдың сапасы қанағаттандырарлық емес, штапельде ыластанған және жуылған дана
үлкен, талшықтың бұйралылығы, біркелкілігі айқын байқалмайды.
Қазақстанда қой өсірудің негізгі мақсаты қойдың өнімділігін арттыру соның ішінде
жүн сапасын жақсарту. Жүн шикізатының сапасы төмен болғандықтан тоқыма өнеркәсібі
дүниежүзілік стандартқа сай келетін тоқыма дайындай алмай отыр. Австралия
мериносының жүні халықаралық стандарттар талабына сай келгендіктен сол себепті бұл
тұқым жүннің техникалық сапасын жақсарту үшін. Биязы жүнді саулықтарға шағылыстыру
әдісі арқылы жүзеге асырады.
Қазақстаннның қойларының жүнін зерттеу арқылы өзінің негізгі массасына қарсы
оның физикалық-механикалық кәсіптері қанағаттандырарлық көп белгілері біріңғайлығына
куәгер боламыз.
Төлдердің жасына байланысты ет өнімділігі және сойыс шығымы. Халықты азық-
түлікпен (ет, май) және жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен (жүн) қамтамасыз ету мәселелерін
шешуде қой шаруашылығы ерекше орын алады.
Ет – қой шаруашылығының маңызды өнімі болып табылады. Тәжірибедегі алынған
төлдердің ет өнімділігінің салмағын, сойғаннан кейінгі еттің шығымын, сорттық құрамын,
ет пен сүйектің байланысын, калориясын анықтау мақсатында ұрпақтардың жасына
байланысты 4,5 ай және 1,5 жасқа келген кезде олардың ет шығымын анықтадық (кесте 1).
Оңтүстік өңірдің тау бөктері табиғатының өзгешіліктері қозылардың салмақ қосуы, яғни
табиғи шөптің тез өсуіне байланысты тез жүреді.
Мал сәуір айында тойына бастайды да, шаруашылық малдары мамыр, маусым, шілде,
тамыз айларында, шөбі бітік, тау бөктеріндегі жайылымда жайылып, бұл жағдай
қозылардың тез қоңдануына әсер етеді. Маусым айында төлдердің тәулігіне 300-350 г
салмақ қосатыны анықталды. Шаруашылықта малдарды тау жайылымдарында жайып-
семіртудің
пайдасы
бар
екенін
1-кесте
мәліметтерінен
аңғаруға
болады.
Кесте 1- Еркек қозылардың 4,5 ай мерзімдегі ет өнімділігіне сою нәтижесі
Ет өнімдері көрсеткіштері
Тәжірибеде алынған мал топтары, (n= 6)
І
ІІ
ІІІ
Сояр алдындағы тірілей салмағы, кг
34,0±0,22
33,0±0,18
32,5±0,44
Ұша салмағы, кг
15,2
13,3
12,8
Іш майы, кг
0,720±0,31
0,858±0,44 0,805±0,60
Ұша шығымы, %
44,7
40,3
39,3
Алынған ет, кг
12,8
11,6
11,5
Сойыс шығымы, %
37,6
35,1
35,3
Қозылардың ет өнімінің сойыс шығымы бойынша І топтың төлдерін 37,6 %, ІІ топтың
қозыларында бұл көрсеткіш 35,1 % болса, ІІІ топтың малдарында 35,3 % құрайды.
Бұл көрсеткіштер бойынша отандық селекциядағы қошқарлар мен жергілікті жер
жағдайына бейімделіп шығарылған, қазақтың биязы жүнді қойының тұқымішілік типті
44
малдарда жоғары, ал австралия мериностары қошқарлары мен шағылыстырылған малдарда
еттің сойыс шығымы төмендеу болуы, бұл қой тұқымының негізгі бағыты жүн өнімі
болғандықтан деп ойлаймыз. Себебі бұл қой тұқымында селекциялық жұмыс барлық
уақыттарда да жүннің технологиялық қасиеттерін (жүн ұзындығы, таза жүн шығымы,
шайыр құрамы, иректігі, т.б.) жақсартуға бағытталып, ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді. ІІ
және
ІІІ
топтағы
малдардың
ұрпақтарының
көрсеткіштерінің
арасындағы
айырмашылықтар көп болмауы, бұл қойлардың екі тұқымының да оңтүстіктің ерекше
климатына бейімділігінің жақсы екенін көрсетеді. Дегенмен де меркі тобынан алынған
төлдердің іш майы, ұша шығымы сияқты көрсеткіштері сәл де болса басым, ал алынған ет
пен сойыс шығымы бойынша айырмашылығы шамалы.
Қазіргі кезде қойлардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, алынған қозы
етінің жұғымдылық қасиетін бағалап қоңдылығы орташа бойынша талаптардан жоғары
малдарды туған жылы етке өткізу шаруашылыққа экономикалық тиімді екені байқалады.
Зерттеу жұмыстарының экономикалық тиімділігі Тұқыл австрало-қазақтың биязы
жүнді қойының оңтүстік-шығыс өңірдегі таулы аймақта, сондай ақ шөл және шөлейт
жағдайларда өсірудің негізгі бағыты ол әрине оның экономикалық тиімділігі. Оның себебі
осы мал түрінен алынатын жіңішке меринос жүні жоғары бағаланады. Осында өсіріліп
жатқан тұқыл австрало-оңтүстік қазақ мериносы қойларының жүні физико-механикалық
қасиеттерінің жиынтығы бойынша меринос жүніне тән сипатқа және анағұрлым жақсы
физико-механикалық қасиеттерге көбірек ие бола бастаған.
Саулықтардың жуылмаған жүн түсімі 4,5-5,0 кг, жуылған жүн шығымы 57-60% және
таза жүн түсімі 3,0-3,5 кг жоғарылады. Ал, австралия мериносымен жақсартылмаған биязы
жүнді қойлардың жүн түсімі 3,5-4,0 кг, таза жүн шығымы 50-52%, жуылған жүн түсімі 2,3-
2,6 кг аралығында болады, негізінен меринос емес жүн едәуір арзан болады. Бұл
шаруашылықтағы жергілікті қойлармен салыстырғанда әр қойдан 3-4 есе артық пайда
алуды мүмкін ететін биязы жүн сапасын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу
жұмыстарының негізгі мақсаты мен оның тиімділігін көрсетеді (кесте 2).
Бір бас малды өсіруге кеткен шығын мен одан алынған өнімдер – жүн және еттен
түскенді есептегенде таза пайда І топтағы малдардан көбірек түскен.
Егерде осы топтағы малдардан 4269 теңге алынған болса, қалған топтардағы бұл
көрсеткіштер төмендеу болды. І топтағы қойларды өсіруге кеткен 5715 теңгеден, қосымша
4269 теңге келген. Тұқыл австрало-оңтүстік қазақ мериносы қойларын өсірудің тиімді екені
кесте мәліметтерінен аңғарылды. Сараптама осы шаруашылықтағы малдардан түскен пайда
жоғары екенін көрсетеді, себебі кеткен шығын, түскен пайдадан төмен.
Кесте 2 - «Олжас» шаруа қожалығындағы қойлардың экономикалық тиімділігі
Көрсеткіштер
Мал топтары
І
ІІ
ІІІ
1 бас малды өсіруге кеткен жалпы шығын, тн
5715
5715
5715
Жуылмаған жүн түсімі, кг
5,4
5,2
5,0
Жүннің сатылу бағасы, тн
160
160
160
Бір бас қойдан алынған ет, кг
15,2
13,3
12,8
1 кг еттің сатылу бағасы, тн
600,0
600,0
600,0
Барлық өнімдерден түскен пайда, тн
9984
8812
8480
Шаруашылыққа түскен таза пайда, тн
4269
3097
2765
Тиімділік деңгейі, %
42,7
35,1
32,6
Шаруашылықтағы өсіріліп жатқан малдардың тиімділігін көрсететін маңызды
көрсеткіштердің негізгісі – пайда, яғни өсіруге кеткен шығынның орны жабылып, табыстың
келуі. Әрине жоғары өнімді малдардан артық өнім алынатыны белгілі, сол себепті
45
шаруашылық қатал бәсекелестікке төтеп бере алатын бағалы малдарды өсіруге құлшыныс
білдіріп, әрдайым ізденісте болады.
Сол себепті де шаруашылықта отандық және шетелдік селекциядағы жоғары өнімді
қошқарлар пайдалануда. Оның нәтижесі кестеде көрсетілген. Австралия мериносы мен
жұптастырылған саулықтардан алынған ұрпақтардың өнімділік көрсеткіштерінің тиімділік
деңгейі 42,7 пайызды құрап, басқа топтардағы малдардың тиімділігінен 7,6; 10,1 пайызға
артық болды. Бұған дәлел осы жұптаудан алынған төлдердің жүн түсімі де бір бас қойдан
алынған етте жоғары болып, бұл малдардың әрі жүнді, әрі етті бағытта өсіріліп, заман
талабына жауап бере алатын қой тұқымы екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |