Қорытынды
Жүннің негізгі өнімділік және физика-механикалық қасиеттерінің бірі ол жуылған
таза жүн түсімі мен таза жүн шығымы. Бұл көрсеткіштер тоқтыларда орташа 57,1%,
тұсақтарда 56,5% құрап, қолданыстағы өндірістік стандарттың талаптарынан едәуір
жоғары. Алынған ғылыми деректер отандық және әлемдік селекциядағы нәсілдік
қошқарларды пайдалану нәтижесінде жергілікті малдардың өнімділігін, оның сапасын
жақсартуға болатынын көрсетеді.
Тәжірибе топтарындағы малдардың жүн өнімінің тығыздығы мен беріктігі
зерттелгенде жүннің ластану мен шайылу аймақтары көрсеткіштері бойынша жақсы
деңгейде екенін көрсетеді. Ластану аймағы орташа бүйірінде 1,2 см, арқасында 1,6 см болса,
шайылу аймағының бүйірі 1,8 см, арқасы 2,7 см құрайды. Тек ІІІ топтағы будандарда ғана
бұл көрсеткіш біршама жоғары (1,4; 1,8; 1,9; 2,4 см). Мықтылығы бойынша будандардың
жүннің беріктігі олардың жіңішкелігіне байланысты үзілу ұзындығы 9,03-9,54 км
аралығында болып, қалыпты жағдайдың (норма) 7,0 км екенін ескерсек, үзілу
ұзындығының жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Зерттеулер бойынша таза қанды қазақтың
биязы жүнді мен австрало-қазақтың биязы жүнді қойларының жүнінің май мөлшерінде
айтарлықтай айырмашылықтар анықталмады. Жүн майының балқу температурасы ІІ
топтағы төлдерде орташа 40,3°С құрап, І топқа қарағанда 0,5°С төмен болатыны
анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |