Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Қазу және тазалау әдістері



Pdf көрінісі
бет21/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104
Байланысты:
растыр ан
1-ші сабақ Бір өлшемді массив, ОБӨЖ, Молдашева Ә СӨЖ 3-аптаа Психолингвистика, Weston · SlidesMania.pptx
Қазу және тазалау әдістері. 
Ескерткіштер біртіндеп көлденең қатпарлар бойынша 
қазылады. Қатпарды қию үшін- тік күрек, топырақты алу үшін – қалақ күрек 
қолданылады. Қатты топырақты ою үшін - сүңгі (лом) қолданылуы мүмкін.
Топырақ жіңішке, сәл қиғаштау қиылады, алынған топырақ үгіледі, 
тексеруден өтеді. Қазушының бірі топырақты қиюмен, екіншісі- алумен, үшіншісі- 
тазалаумен шұғылданады. Мәдени қабаттағы топырақ аса мұқият тексеріледі. 
Әрбір тазаланған қатпардың жоспары салынады. Мәдени қабатты бірден тұтас 


алуға болмайды. Қазу кезінде табылған заттар толық тазаланғанша орнында қалуы 
тиіс. Қазу кезінде құрылыстар бүлінбеуі керек. Тереңдегенде қабырғалар құлап 
кетпеу үшін тіреулер қою қажет. Ең маңыздысы – бұзбау, тек жоспары салынған 
соң қажетінше тереңдеу. Сөйтіп, құрылыс қатпарлары тексеріледі. Қазба 
баспаналаларды ашу үшін ғана емес, олардың арасындағы жерлерді тексеруге де 
ұйымдастырылады. Кейбір жағдайларда қоныстың стратиграфиясы құрылыстар 
арқылы анықталады. 
Қазақстандағы қорымдардың көбі – қорғандар, ал қорғандар тізбек түрінде 
кездеседі. Қола ғасырының қорғандары көбінесе орталық құрылыс төңірегіне 
топтала орналасады. Аралас конструкциямен салынған қорғандар жер 
қорғандарына қарағанда көп. Тасты және қиыршық тасты, малта тасты 
үйінділерден тұрғызылғандары да кездеседі. 
Қорғандар, әдетте, секторлар бойынша қазылады, бұл әдіс жер қорғандарын 
зерттеу үшін аса тиімді. Қорғандардың көлемі үлкен болса, шеңберлеп қазу әдісі 
қолданылуы мүмкін. Мұндайда қазу шеткі шеңберден басталады. Төрт сектормен 
қазып шығу әдісі көптеген жағдайда ескерткіш ерекшеліктерін жақсы анықтауға 
мүкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет