Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Стратиграфиялық зерттеудің маңызы



Pdf көрінісі
бет23/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104
Байланысты:
растыр ан
1-ші сабақ Бір өлшемді массив, ОБӨЖ, Молдашева Ә СӨЖ 3-аптаа Психолингвистика, Weston · SlidesMania.pptx
Стратиграфиялық зерттеудің маңызы. 
Стратиграфия

латын сөзі, stratum-қабат, 
grapho- жазу, яғни археологиялық ескерткіштердің орнында пайда болған 
қыртыстарды зерттеу әдісі. 
Адамзат тарихының өте ерте дәуірлерін сипаттаған кезде геологиялық 
стратиграфия қолданылады. Атап айтсақ, мұзданудың және мұзаралықтарының 
геология ғылымы қалыптастырған атаулары бар. Адамзат тарихына сәйкес 
келетіндері ертетас дәуіріне жатады. Кейінгі археологиялық дәуірлер де 
стратиграфиялық әдістің қолдануымен зерттеледі.


Қоныстардағы қазба қабырғалары кең, көлемді келсе, шаршылардың түйіскен 
нүктелерінде жер бақандары қалдырылады. Қазба тереңдегенде олар 
аласартылады, уақытында қиындысы графикалық әдіспен салынып отыруы тиіс. 
Қорғандарды қазғанда солтүстік - оңттүстік, шығыс - батыс бағыттарымен 
қазылмаған жал (орысша - бровка) қалдырылады. Қазба терең болмаса, жал 
бұзылмаған күйінде сақталады. Алдыңғы қиындылары қағаз бетіне түскенде, 
тереңдегенде аласартылуы мүмкін. Қиынды сызбасы –профилі сапалы жасалғанда 
ескерткіштен алынатын тарихи мағлұмат толыға түседі, уақытты дәл анықтауға 
септігін тигізеді. 
Стратиграфиялық әдіс көне қоныстарды зерттеген кезде қолданылады. 
Стратиграфиялық тізбек немесе қатарлар арқылы жоғарғы және төменгі 
қабаттардың уақытнамасы анықталады. Стратиграфиялық әдіс қорғандық 
ескерткіштерді де зерттеуде маңызды қызмет атқарады. Ескерткіштердің салыну 
уақытын, құрылыстың қалыптасуын, құрылымын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет