Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Ашық және жабық комплекстер



Pdf көрінісі
бет24/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104
Байланысты:
растыр ан
1-ші сабақ Бір өлшемді массив, ОБӨЖ, Молдашева Ә СӨЖ 3-аптаа Психолингвистика, Weston · SlidesMania.pptx
Ашық және жабық комплекстер
Археологияда ескерткіштерді сипаттауда 
ашық 
және 
жабық 
комплекстер деген ұғымдар қолданылады.
Қоныстардың көпшілігі ашық комплекстерге жатады. Мұндағы заттар мен 
қалдықтар ұзақ уақыт бойы жинақталған, оларды бір уақытқа жатқызу, мәдени 
қабат бүлінген болса, қиындықтар туғызады.
Ашық комплекстегі заттар мен қалдықтар әр замандікі болуы мүмкін. 
Стратиграфиялық және типологиялық әдістер оларды ажыратуға мүмкіндік береді. 
Ашық комплекстегі деректемелер көбіне қираған, бөлшектенген, өзгерген түрінде 
ұшырайды. 
Жабық комплектердегі заттар бір мезгілді мегзейді, бір заманның қолданыс заттары болуы 
неғұрлым ықтимал. Көбінесе бір мәдениетке жатады. Мәселен, моланың ішіндегі заттар бір 
уақытта көмілді, яғни зат жинақталуының уақыт тұтастығы бар. Олар бір дәуірдің, бір заманның 
заттары. 
Арнайы камерада қойылғандықтан жабық комплекстегі деректемелердің
сақталу сапасы жоғары келеді. Сондықтан, оның уақытнамалық көрсеткіштері 
ашық комплекстерге қарағанда айқын, абсолюттік уақытнамаға жақын. Жабық 
комплекстердің көмегімен мәдениетті анықтау жеңілірек. Жабық комплекстерге 
жерлеу комплекстерімен қатар бір мезетте табиғат апатынан немесе жойқын соғыс 
салдарынан жойылып кеткен қоныс - қалалар да жатады. Мәселен, жанартау 
атқылағанда қоныс-қалалар күл астында қалуы мүмкін. Антик заманының Помпей 
қаласы, міне, осындай жабық комплекс түріндегі ескерткіш. Мұндағы өмір көрінісі 
бір уақыт кескінін көрсетеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет