Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы
үшін жəне биліктің, субъектілеріне қарай мемлекттік билікті заң шығарушы, атқарушы,
сот билігі етіп үш тармаққа бөлу. Оның негізін салған ағылшын ойшылы
Джон Локк (1632–1704), одан əрі дамытушы француз ғалымы
Шарль Луи Монтеске (1689–1753)
болды. Биліктің бұлай тармақталуы елдің конституциясында бекітіледі. Ол
азаматтардың құқықтарының орындалуына негізгі кепілдік бола алады. Ал билік бір
қолда болса, оның үстінен шағым айту қиын болар еді.
Бихевиоризм – жеке адамдар мен топтардың іс- əрəкетін талдауға негізделген
əдістемелік бағыт. XX ғасырдың 20–30 жылдарында пайда болған. Бұл əдісті
жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс- əректтерін талдау
арқылы түсініп білуге болады дейді.
Брифинг – үкіметтің жеке мəселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге
қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми
адамдардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі.