Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет40/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық

8-кесте
«Химия» пәнінің басқа пәндермен байланысы 
Пән (мазмұны) 
Химия сабағының тақырыбы 
Биология (Химиялық құрам) 
Заттардың жіктелуі 
География (Табиғат ресурстары) 
Көмірсутекті отындар 
Дүниежүзі тарихы (Иемденуші және өндіруші 
шаруашылық түрлері (терімшілік, аңшылық, 
балық аулау, егіншілік, мал шаруашылығы, 
металл өңдеу, айырбас сауда). 
Металл қорытпалары 
Физика 
(Молекулалы-кинетикалық 
теория 
негіздері) 
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. 
Химиялық реакциялардың жылдамдығына 
әсер ететін факторлар 
Физика (Қатты, сұйық денелердің және газдың 
қысымы. Архимед күші) 
Бөлшектер 
теориясы 
тұрғысынан 
заттардың агрегаттық күйлері 
 
Пәнаралық байланыс зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында маңызды орын алады. 
Мәселелерді шешу қабілеті оқушыларға ғылыми танымдық ойлауды үйренуге мүмкіндік 
береді. Олардың алдында кішірейтілген үлгідегі танымдық үдеріс көрініс табады, оның 
логикалық құрылымы: мәселені қою – болжамдар жасау – оның эксперименталды тексерілуі 


36 
– қорытындылар (немесе жаңа мәселе). Оқушылар ғылыми білімнің қандай жолмен 
игерілетінін көріп, дүниенің танымдық сипатына көз жеткізеді. Мәселені шешуге арналған 
тапсырмалар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамтып, білуге құмарлықты, жаңа бір 
нәрсені/жаңалық ашуға және оны негіздеуге ынталандыруы керек. Мысалы, сабақта мәселені 
шешу 
тапсырмаларының 
келесі 
түрлерін 
қолдануға 
болады: 
себеп-салдарлық 
байланыстардың үзілуі; «... мәселесін қалай түсіндіруге болады»; «қалай дәлелдеу қажет?» 
және т.б. Мұндай тапсырмалар оқушыларды стандартты рәсімдерді қолданбай, белсенді оқуға 
ықпал ете отырып, шешімдерді іздестіруге және өңдеуге, үлгілерді зерттеуге итермелейді. 
Осылайша, химия сабақтарында оқушыларға тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті 
анықтау бойынша зертқаналық тәжірибе жүргізуді немесе үй жағдайында судың қаттылығын 
анықтау үшін, кір сабынды қолдана отырып, бақылау жүргізуді ұсынуға болады. 
Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың өткен сабақтарда және басқа пәндерден 
алған білімін естеріне түсіріп, қолданғаны маңызды. Бұл оқушыларға өздерінің алға жылжуын 
нығайтуға және басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнатуға ықпал ететін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет