Қалыптастырушы бағалау Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға
ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты
қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:
қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және
бекіту;
ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі
үшін қолайлы жағдай жасау;
уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны
ояту.
Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:
-
оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға ұсыну;
-
оқушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті)
оқытуға арналған орта құру;
-
оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты
қамтамасыз ету;
-
оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
-
оқушыларға өзінің оқуын «құрушы/жасаушы» ретінде жағдай жасау болып табылады.
Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың
оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс.
Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге
асыруды талап етеді:
38
-
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
-
қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
-
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
-
кері байланыс беру.