Тышқандардың жілік майынан В-лимфоциттерді бөліп алу. Тышқанды эфир немесе хлороформ көмегімен ұйықтатады. Тышқанның
денесін спиртпен өңдеп, табаның пинцетпен ұстап тұрып, табан
сүйегінің айналасынан қайшымен тілік жасап, пинцетпен терісін жамбас
тұсына дейін сыдырады. Қайшымен тізе буының маңындағы бұлшық
етті тіліп, скальпельмен жамбас аумағына дейін бұлшық еттен
жалаңаштайды. Содан кейін тізе буынының аймағынан қайшымен аяғын
кесіп алып, тізе буыны тұсынан сирағын табанымен қоса бөліп алады.
Үлкен сан жілігін Петри шынысына салып, скальпельдің көмегімен
бұлшық ет қалдықтарынан тазалап, тізе және жамбас буындарының
тұсынан эпифизді бөліп алады.
Бұлшық еттен тазартылған сүйектен шприцтің көмегімен майын
сорып алып, мұз салынған стаканға салады. Сонан соң жілік майын
Поттер гомогенизаторымен ұсақтайды. Пайда болған қоймалжыңды 4
қабатты стерильді капронды фильтрмен сүзіп, жасушаларды Горяев
камерасымен санайды. Әдетте тышқанның екі сан жілігіндегі жілік
майында 20 млн лимфоидты жасушалар (В-лимфоциттер) болады.