болып келеді. Белсенділіктің пайда болу процесі кезінде литикалық
кешен қалыптасады. Қалыптасқан кешеннің әрекетінен мембрана
жасушаларының
өткізгіштігі жоғарылап, жасуша ішіне су жиналып,
нәтижесінде жасушалар ісінеді және жарылады. Антиденелер мен
комплементтің әсерінен жасушалардың (антигендердің)
талқандалуы
иммундық лизис
деп аталады. Әдетте комлемент пен лизоцимді бірге
қолданған жағдайда бактерия жасушаларына неғұрлым тиімдірек әсер
етеді. Сонымен қатар антиденелер және комплементпен әсерлескеннен
кейін бактерия жасушалары (антиген) фагоциттермен оңай жұтылады.
Қан сарысуындағы комплементтің мөлшері қой эритроциттері мен
оларға телімді антиденелер ретінде пайдаланылатын гемолизиннің
қатысуымен өтетін
иммундық лизис
реакциясы арқылы анықталынады.
Гомологиялық антиденелермен
өңделген және комплементтің
литикалық әсеріне сезімтал қой эритроциттерін
гемолитикалық жүйе
деп атайды. Комплемент мөлшерін 50%-ды гемолитикалық бірлікпен
(СН
50
) өлшейді. Комплементтің бірлігі ретінде 0,5 мл
гемолитикалық
жүйенің 37ºС-де 30 минут аралығында 50% эритроциттердің лизисін
қамтамасыз ететін 0,5 мл мөлшері саналады (рН 7,3-7,4 болатын
веронал-мединал ерітіндісіндегі қой эритроцитінің 5%-ды сузпензиясы+
3 еселенген титрдегі гемолизин).
Зерттеуге алынған қан сарысуының ұлғайтылған мөлшерлерін (0,02;
0,03; 0,04; 0,05; 0,08; 0,1 мл) шыны түтіктерге үлестіріп,
олардың
көлемін ФТЕ-мен 0,5 мл-ге дейін жеткізеді. Содан кейін барлық шыны
түтіктерге 0,5 мл стандартты гемолитикалық жүйе қосылады. Сонымен
қатар бір мезгілде эритроциттердің резистенттілігіне бақылау қойылады
(0,5 мл ФТЕ + 0,5 мл гемолитикалық жүйе). Шыны түтіктерді мұқият
сілкіген соң, 37ºС-де 30 минут инкубациялағаннан кейін 2-4ºС
температурада 10 минут бойы салқындатады да, 3000 айн/минутта 15-20
минут центрифугалайды. Центрифугалау барысында пайда болған тұнба
сұйықтығын колориметриялайды және экстинкция коэффициенті
бойынша алдын ала құрылған калибрациялаушы қисық сызық көмегімен
гемолизге ұшырау пайызын анықтайды.
Калибрациялаушы қисық сызықты құрастыру реттілігі: 1 мл 5%-ды
эритроциттер сузпензиясына 3 мл
дистилденген суды қосып,
эритроциттердің толығымен лизиске ұшырауына (100%-ды гемолиз)
мүмкіндік жасалады. Пайда болған лизатқа буферлі ерітіндіні қосу
арқылы 10-, 20-, 30-, 40-, 50-, 60-, 70-, 80-, 90 %-ды гемолиз сынамалары
дайындалады. Фотоэлектроколориметр көмегімен әр сынаманың
оптикалық тығыздығын өлшейді (кювет ені 1 мм, көк түсті фильтр).
Содан кейін абсцисса осьіне
гемолизге ұшырау пайызы, ал ордината
осьіне экстинкция коэффициенті қойылады. СН
50
50%-ға жуық
гемолизді көрсететін қан сарысуларының мөлшеріне байланысты
анықтайды. Ол үшін арнайы формуланы (Крог) немесе осы формула
бойынша есептелген коэффициентті қолданады. Мысалы,
зерттелетін
95
қан сарысуының сұйылтымы 1:25 болса, онда 30%-ды лизисті көрсетеді,
яғни 1 мл-дегі СН
50
25–0,844=21,1 бірлікті құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: