ЖАНУАРЛАРДЫҢ ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕ АҒЗАЛАРЫ МЕН
ЖАСУШАЛАРЫН БӨЛІП АЛУ
Иммундық жүйенің орталық лимфоидты ағзаларында (жілік майы,
эмбрионалды бауыр және тимус) жасушалардың пайда болуы мен
жетілуі, ал перифериялық лимфоидты ағзаларында (көк бауыр, лимфа
бездері, топтық лимфа фолликулалары, миндалиндер, тері, қан)
иммундық жауап қалыптасады.
Жілік майында қан элементтерінің негізгі көзі мен Т- және В-
лимфоциттердің ізашарлары түзіліп қана қоймай В-лимфоциттердің
жетілуіне ықпал жасап, перифериялық лимфоидты ағзалардың қызметін
де атқарады. Жілік майы гуморальды иммунитетті қалыптастыратын В-
лимфоциттердің негізгі көзі болып табылады. Эмбрионалдық кезеңіндегі
бауыр қан жасаушы ағзалардың қызметін атқарады және В-
жасушаларды түзеді.
Ал тимус Т лимфоциттерді дифференциациялайды
және жасушалық иммунитеттің қалыптасуына жауапты жетілген Т-
жасушалардың түзілетін негізгі көзі болып табылады.
Жетілген лимфоциттер иммундық жүйенің орталық ағзасынан
перифериялық лимфоидты ағзаларға көшіп, иммундық жауаптың
дамуын қалыптастырады, яғни антигендерді танып, олармен әрекеттесіп,
иммунологиялық есте сақтау іске асырылады. Сондықтан перифериялық
лимфоидты ағзаларда жетілген, ересек Т- және В-лимфоциттер болады.
Лимфоидты жасушалардың
in vivo
және
in vitro
жағдайларында
өзара әрекеттесуін зерттеу үшін, тышқандардың түрлі лимфоидты
ағзаларынан жасушаларды бөліп алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: