Микробиологиялыќ зертхана


Люминесцентті микроскопия



Pdf көрінісі
бет8/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Люминесцентті микроскопия.
 
Люминесценция ұлғайтқыш
оптикалық аспаптардың көмегімен байқалатын микроскопиялық
объектілердің жарқырауы. Объекттердің жарқырауы өзіндік (алдында
бояусыз) және ретке келтірілген (үлгіні бояумен өңдегеннен кейінгі)
болуы мүмкін. Көрінбейтін ультракүлгінді немесе көк күлгінді қысқа
толқынды сәулелер объектіге әсер еткенде адам көзіне көрінетін
ұзынырақ жарық толқыны бар люминесценция қоздырылады. Бұл қасиет
люминесцентті микроскопияның негізін
 
қалайды.
Люминесцентті микроскопия үшін МЛ және Люмам серияларының
микроскоптары қолданылады (2-сурет). МЛ-2 люминесцентті микроскоп
өте күшті жарық көзінен (сынапты-кварц шамы), жарық сүзгілерінен
және биологиялық микроскоптан тұрады. Жарық көзі мен микроскоп
айнасының ортасында көк күлгін сүзгіш болады, қысқа толқынды жарық
сәулелері препаратқа түскенде жарқырауды қоздырады. Микроскоптың
окулярына сары жарық сүзгісін кигізеді. Ол көк күлгінді сәулелерді
(спектрдің қысқа толқынды бөлігі) шашып, көзге көрінетін ұзын
толқында сәулелерді өткізеді.
10


Люминесцентті микроскопияда
зерттеуге алынған объектілерді
арнайы бояулармен (флюорохроммен)
өңдегеннен кейін пайда болатын
қосымша люминесценцияның маңызы
өте зор. Флюорохромдардың ұзын
толқынды ультракүлгін және қысқа
толқынды көк күлгін сәулелердің
әсерінен жарқырайтын қасиеті бар.
Флюорохромдардың ішінен қызғылт
сары акридин, аурамин, аурофосфин,
родамин, флюоресцин және тағы
басқалары жиі қолданылады.
Люминесцентті
микроскоптың
көмегімен мөлдір және мөлдір емес
тірі объектілерді зерттеуге болады.
Олар түрлі-түсті, ірі айқын болып көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет