Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет54/101
Дата13.03.2022
өлшемі1,27 Mb.
#135422
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   101
Байланысты:
Мотивациялық кітаптар жиынтығы

«Ақылды адаммен бір рет әңгімелесу, бір кітапты 
бір ай зерттегенмен бірдей»
. Даналарды іздеп, олардан үйреніңіз. Олар білгенін үйрету 
үшін біздің назарды күтеді. 
93. Лао Цзы ұлы тұлғаның үш қасиетін ерекшелеген: 
«бірінші – сыпайылық; екінші – 
ұқыптылық; үшінші – өзін өзгенің алдына қойдырмайтын қарапайымдылық. Сыпайы 
болыңыз – сонда сіз ержүрек боласыз; ұқыпты болыңыз – сонда сіз либералды бола 
аласыз; өзіңізді басқалардың алдына қоюдан қашыңыз – сонда сіз нағыз көшбасшы 
боласыз»

94. 
«Сіз екі бірдей бағалы бағыттың қайсысын таңдарын білмесеңіз, қауіптірегін 
таңдаңыз»
, - деп У. Дж. Смит айтқан болатын. Қауіп-қатерді ешкім өзгерте алмайды
бірақ орыннан қозғалмағанша, онымен бетпе-бет күрескен жақсы. Ақылға сай тәуекел 
етіңіз, сонда армандамаған табысқа жетеміз. 
95. Жолдасыңыздың басты тірегіне айналыңыз. Оның арманын және сенімін қолдаңыз. 
Екі солдаттан құралған әскер сияқты өмірді бірге кешіңіз. 
96. Сізге шабыт, мотивация сыйлайтын, сіздің мақсаттарыңызға қолдау және талпыныс 
бере алатын үш адамды еске түсіріңіз. Олардың әр қайсысымен кездесу ұйымдастырыңыз. 
Оларды мұқият тыңдап, олармен бірге ойлаңыз. 
97. Әр күніңізді өнер туындысына айналдырыңыз. 
98. Сіздің баға жетпес қайраттылығыңыз бір тиынға қажеті жоқ қызметтерге жұмсалуы 
мүмкін. Сіздің ақылыңыздың өз иелігінде 1000 ватт бар деп ойлаңыз. Әркез жұмыс істеп 
жатқан жобадан тыс нәрселерге назарыңызды бұрғанда, яғни алаңдататын мәселелеріңіз 
жайлы ойлағанда 100 ватт жоғалтасыз. Жақын арада сізде қайраттылық көзі бітеді. 
Ақылдың табиғаты сондай. Оны бақылаңыз, сонда ұлы істердің қалай істелетінін көресіз. 
Өзіңізді мықты күш иесі сезініп, қиын мәселелер оңай шешімін табады. 
99.
 «Әрекетті ексеңіз, әдетті орасыз. Сіз әдетті ексеңіз, мінез-құлықты орасыз. Ал сіз 
мінез-құлықты ексеңіз, тағдырды орасыз»
. Адамның мәні оның мінез-құлқында, 
сондықтан сіздің мінезіңіз бірегей, дақ түспеген, мықты болу керек. Өзіңізге сенімсіз 
болсаңыз, уәде бермеңіз. Тек шындықты айтып, сөзді желге ұшырмаңыз. Қарапайым, тік 
мінезді, сабырлы болыңыз. 
100. Табиғаттың басты заңдылығын ұмытпаңыз: жақсылық жамандықты жеңеді. 
101. Талапты ақыл – бұл мереке. Барға қанағат етіңіз. 
102. Әр күн сайын жаңа дос немесе таныс табыңыз. Бай қарым-қатынас – толық, бай 
өмірдің ДНҚ-сы. 
103. Ескі үнділік мақалды ұмытпаңыз: 
«Егер сіз өз ақылыңыздың иесі болсаңыз, онда бүкіл 
Әлемнің де иесі боласыз»



Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
104. Материалды құндылықтарға емес, бақыттың күйіне зор мән беріңіз. 
105. Көпшіліктің ойы бойынша есеңгіреу жаман емес нәрсе. Ол бізге өз қабілетімізге сай 
әрекет жасауға, біздің ағзамыздағы химиялық элементтердің ағынын босатуға 
көмектеседі. Есеңгіреуден шыға алмау ғана зиян әкеледі. Есеңгіреу кезеңін босаңсу және 
дем алыс кезеңімен байланыстыру қажет. Осының барлығын дұрыс ойлаумен және 
ақылдың тынығуымен үйлестіру керек – сонда нағыз бақытқа және ұзақ өмірге қол 
жеткізе аламыз. 
106. Күн сайын ақыл дем алысына кетуді үйреніңіз. Оның марапаты өте үлкен. 
107. Дем алыс сияқты өзгерістер де өте пайдалы. Маңызды болсын, кішігірім өзгерістер 
болсын. 
108. Бақыт жайлы 10 нәрсені үйреніңіз:
1.
Өнімді, қызықты, белсенді өмір сүріңіз 
2.
Әр минут сайын мазмұнды қызметпен айналысыңыз 
3.
Аласапыранға орын жоқ болатындай, ұйымдастырылған, жоспарланған 
тұрмыс салтын ұстаныңыз 
4.
Өз алдыңызға нақты мақсат қоя біліңіз 
5.
Дұрыс. Жақсы ойлаңыз – бұрыс ойларға жол беруге болмайды 
6.
Қажетсіз майда-шүйде нәрсеге бола алаңдамаңыз 
7.
Ойын-сауыққа уақыт бөліңіз 
8.
Өзіңізді жылы, қарым-қатынасты сүйетін тұлғаға айналдырыңыз 
9.
Алу емес, беруді үйреніңіз 
10.
Осы шақпен өмір сүріңіз. Өткен шақ қайтадан келмейді 
109. Қарапайымдылыққа ұмтылып, қарапайым өмір сүріңіз. 
110. Чарльз Ван Дореннің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет