Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
Үкімет мүшелерінің барлығы тірі қалу үшін индустриализация жүргізу керектігін білді.
Адамдарды жұмыспен қамтамасыз ететін кез-келген идеяны іске асырдық. Алкогольсіз
сусын шығаратын бір кәсіпкер аспаздарды, даяршыларды,
қызметшілерді, жинап
тазалаушыларды, гидтер, жүргізушілерді, сувенир өндірушілерді жұмыспен қамтамасыз
ететін – туризмды дамытуды айтқан болатын. Біз туризмді дамыту жөнінде агенттік
құрып, оның өкілі ретінде кино кәсіпкер Ранм Шоуды тағайындадық. Ол қалай сауда
жасауды және шет елдік қонақтарды қалай қызықтыруды жақсы білетін адам еді. Ішкі
нарығымыз кішкентай болғанына қарамастан, біздің халқымыздың саны екі миллионнан
астам болатын. Сингапурда шығарылатын автокөліктер, тоңазытқыштар, кондиционерлер,
теледидар және магнитофондарды протекционисттік шаралармен қорғауға кірістік. Оған
қоса, сұйық май, косметика, москиттерді аулайтын тор, шашқа арналған крем, дәретхана
қағазы, тіпті нафталин шарын өндіретін кішігірім фабрикалардың бизнесмендерін де
ынталандырдық. Тайвань және Гонконгтан инвесторларды тартып, ойыншықтар, тоқыма
және дайын киімдерді өндіретін болдық. Біздің алғашқы инвесторларымыз
ағылшындықтар болатын. Британдық әскерлер Сингапурдан шығарылғаннан кейін,
көптеген ағылшын компаниялары да кетіп қалды. Тек 70-ші жылдардың соңында,
Сингапур не нәрсеге қабілетті екенін көргенде, олар қайтадан оралып, осы жолы, шикізат
өңдеп,
сауданы ұйымдастыру емес, жоғарғы технологиялық өнімдерді, мысалы дәрі
шығару сияқты өндірісті қалыптастыру үшін келді.
Біздің
кемшіліктерімізді
жою
үшін
екі
жақты
стратегияға
жүгіндім: біріншіден
,
бізге дейін Израиль жасағандай, біздің аймақтан тыс жерлерге
шығу. Бұл ой маған 1962 жылы Сингапурға келген, БҰҰ дамытуға арналған
Бағдарламаның экспертімен жүздесу барысында келді. Израильдықтар бізден ауыр
қиыншылықтарды басынан кешіріп, елеп-ескермеген көршілерін, яғни арабтарды басып
озып, Америка және Еуропамен сауда-саттықпен айналысқан болатын. Сол сияқты біздің
көршілеріміз де, бізбен қарым-қатынасын үзгендіктен, Сингапур дамыған елдер –
Америка, Еуропа, Жапониямен
сауда-сатық байланысын орнатып, олардың өндірушілерін
Сингапурда кәсіпорын жасауға қызықтыру керек еді. Екіншіден
,
«үшінші әлемде»
дамыған елдердегідей оазис жасау. Көршілес елдермен соғысумен болғандақтан, Израиль
жасай алмаған стратегия. Сингапур дамыған елдер сияқты жеке бас қауіпсіздігі,
денсаулық сақтау, білім беру, телекоммуникация, транспорт, қызмет көрсету бойынша
жоғарғы деңгейге жететін болса, онда біздің елде бизнеспен айналысатын инженерлер,
кәсіпкерлер, менеджер және басқа да кәсіби мамандар үшін негізгі лагерьге айналатын еді.
Бірақ, бұл біздің халық оларға сай дәрежеде қызмет көрсетуі керек деген сөз. Менің
ойымша,
халыққа мектеп, кәсіподақ, қоғамдық орталықтар және ұйымдар арқылы басқаша
тәрбие қалыптастырып, ой-өрістерін дамытуға септігін тигізу мүмкін, қолдан келетін іс
еді.
Инвестицияны тартудағы басты рөлді өкімет алды. Инфраструктураны жақсарттық,
өнеркәсіптің дамуына қаржылай көмек көрсеттік, салық және экспорттық жеңілдіктер
ұсындық. Жеке кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу үшін макроэкономикалық саясат
жүргізіп, еңбек саласында жақсы қатынас орнату керек болды. Азиялық офшорлы доллар
нарығында біздің жолымыз қарапайым басталды. Бұл нарық «еуродоллар» нарығының
аналогы болды, біз оны «азияттық доллар» деп атап кеттік. Алғашында бұл нарық,
өңірдегі елдердің банктерін несиелеу үшін шет ел банктерінің қорын тартып, Сингапурда
қаржылық нарық операциясын жүргізді. Кейіннен «азияттық доллар» нарығы
деноминацияланған шет ел валютасымен
шет елдік валюталар, фьючерстер, опциондар,
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
бағалы қағаздармен сауда жүргізді, синдикатталған кредит беріп, облигация шығарып
және инвестициялық қорларды басқарды. 1997 жылы «азияттық доллар» нарығында
операцияның көлемі 500 миллион АҚШ долларынан асып түсті. Халықаралық сауда мен
инвестиция Азия мен Сингапурды негізгі өңір ретінде жаулап, жаһандық сипат алғанына
қарамастан, халықаралық қаржылық операция көлемі экспоненциалды өсті.
1968-1985 жылдар аралығында Сингапурдың өңірде бәсекелестері болмады. Біз
халықаралық қаржы институттарының назарын резидент емес салымшылардың тапқан
табысына салық салмау арқылы аудардық. Банктік резервтерді және нормативті
өтімділікті есептеу барысында «азияттық долларға» деноминацияланған барлық
депозиттер ескерілмеді. 90-шы жылдардың соңында Сингапур әлемдегі ең ірі қаржы
орталығына айналды. Валюталық операция көлемі бойынша Сингапур Лондон, Нью-Йорк
және аз ғана Жапонияға жол береді
.
Сингапурдың жетістігі басқа елдердің де 80-ші
жылдары өздерінің жеке
қаржы орталықтарын дамытып, салыққа жеңілдік беруіне алып
келді. Қаржылық орталықтың даму іргетасына заң қағидаттарын сақтау, тәуелсіз соттың
болуы және жүйелі макроэкономикалық саясат жүргізетін тұрақты, құзырлы, әділ
өкіметтің болуы. Осының нәтижесінде импорттың инфляциясы төмендеп, Сингапурлық
доллар тұрақты және мықты валюта болды.
70-80 жылдар аралығында сайлау науқанының уақытында, сайлау округтерінде
жаппай митинг кезінде сөз сөйлейтінмін, Фуллертон скверінде түскі 1-ден 2-ге дейін
қызметкерлермен жүздеу үшін сол жерде де сөз сөйлейтінмін. Кейде тропикалық нөсер
жауатын, барлығы қолшатыр астында мекеменің астына барып тұратын,
алайда ешкім
кетіп қалмайтын. Үсті-басымның барлығы су болып кетсе де, сөзімді тоқтамай
жалғастырумен болдым. Қанша шылқылдап су болсам да, ешқашан суық тиіп
ауырмаппын. Газет-журналдарда жазылған сөздерге қарағанда теледидар арқылы
айтылатын сөздер халыққа әсерін көбірек тигізеді. Сондықтан халық алдында сөз
сөйлеу менің саяси мансабымның мықты жағы болатын.
70 жылдары дарынды, білімді адамдардың тапшылығы байқала бастады.
Жыл
сайын шамамен 5% жоғарғы білімді адамдар эмиграцияланатын болды. Кейбіреулері
Сингапурда білімдеріне лайықты дәрежеде жетістікке жете алмаймыз десе, енді біреулері
мансап сатысы тым баяу екенін айтып, қоныс аударып жатты. Дамып келе жатқан
экономиканы білімді адамдармен қанағаттандыру үшін
дарынды кәсіпкерлерді, білікті
мамандарды, шығармашылықпен айналысатын адамдарды, жоғары квалификациялы
жұмысшылардың талаптарын ынталандырып, оларды сақтап қалуға тырыстым.
Достарыңызбен бөлісу: