Абжанова сокращенная indd


Адам организмі құрылысының жалпы сызбанұсқасы



Pdf көрінісі
бет94/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   189
Адам организмі құрылысының жалпы сызбанұсқасы. 
адам 
ағзасы, атқаратын қызметі мен құрылысының ортақтығы бойынша 
біріктірілген, бір-біріне өзара бағынышты ұйымдастырылған күрделі 
жүйе. жүйе элементі болып жасуша табылады. Шығу тегі, құрылысы 


175
мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы ұлпа деп аталады. 
Ұлпалардың негізгі түрлері: жабын, дәнекер, сүйек, бұлшық ет және 
жүйке. Ұлпалар мүшелерді, мүшелер мүшелер жүйесін құрайды.
жасушадан басталып, мүшелер жүйесімен аяқталатын ағзаның 
барлық құрылымдарының қызметі келісіп жұмыс істеп, біртұтастық 
қағидаларына бағынады. біртұтас ағзаның қызметі қоршаған орта-
мен тығыз байланыста болған кезде ғана жүзеге асады. ағза 
қызметінің барлық үдерістері ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы 
тұрақтылығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асады.
ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық 
жатады.
ішкі ортаның физикалық-химиялық қасиеттері мен химиялық 
құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп ата-
лады.
Осы тұрақтылықты сақтау үшін ағзада өзін-өзі реттеу үдерісі 
үздіксіз жүріп жатады.
Өзін-өзі реттеудің екі түрі бар:
1) гуморальдық реттелу;
2) жүйке арқылы реттелу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет