Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулы-
ғын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз
байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара
әсерін зерттейді. балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және
гигиенасы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап,
балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым – педиатрия-
мен тығыз байланысты. сонымен қатар физика, химия, метеорология
сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін
пайдаланады.
балалар мен жасөспірімдер физиологиясы эмбриология, қалыпты
физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экология-
лық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валео-
логия ғылымының теориялық түп-негізін құрайды.
жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше
ғылыми зерттеу әдісін қолданады:
1) бақылау – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме;
2) табиғи тәжірибе – мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланы-
сты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін
табиғи жағдайда қолданады.
3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргі-
зіледі. жағдайды өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет
өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын
анықтайды.
лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:
– функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;
– эргометрия;
– есепті шығару әдісі;
– телеметрия;
– антропометрия.
Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп
гигиенасы түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтап, оған
қолайлы жағдай тудыруды көздейді.