педагогикалық менеджмент
– тиімділігін
арттыруға бағытталған білім процесін басқарудың технологиялық тәсілдері,
ұжымдық формасы, әдісі, қағидаларының кешені.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмүны. Педагогикалық
зерттеуді ұйымдастыру. Педагогика ғьлымының әдістері. Ғылыми-
педагогикалық зерттеудің технологиясы. Ғылыми зерттеу бағдарламасы
мен процедурасы. Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері. Нақты
педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістері мен оларды жіктеудің белгілі
бір өлшемдері 41-суретте ашылды.
Жіктеу (классификация
) – зерттелген пәннің зерттеушіге қажетті
белгілері бойынша топтарға бөлу.
Педагогикалық зерттеудің әдістері
үш топқа бөлінеді: теориялық,
эмпирикалық, әдіснамалық зерттеу әдістері.
Теориялық зерттеу әдістері әдебиет көздерін зерттеу немесе ақпараттарды
талдауда көбірек қолданылады.
Кітапдерек (библиография) түзу зерттелетін мәселеге байланысты
іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі болып табылады. Онда:
реферат жазу
– жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми
еңбектің қысқартылып берілген мазмұны;
конспектілеу
– жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына
байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар;
аннотациялау
– кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша
ақпар жазу;
Достарыңызбен бөлісу: |