Оқушылардың жазбаша, шығармашылық, графикалық жұмыстарын тексеру – оқушылар орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және
бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызбалары, жасалған қосалқы
бөлшектер, кейбір пән дәптерлерін тексеру. Мұндай жұмыстар оқушылардың
дара қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және
дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді.
Мәліметтерді өңдеу әдістері: математикалық; статистикалық. Бұл әдістер
түрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың
өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Педагогикалық
зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану эксперименттік зерттеулердің