эксперимент жұмысы : бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау
(бақылау, тәжірибені басқару және зерттеушілердің жауап әрекеттерін бағалау);
-
талдау : сандық және сапалық сарапқа салу; алынған деректерге
түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің технологиясы .
Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен процедурасы. Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері. Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның
құрылымы мен тетіктері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі
жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның
нәтижесі.
Педагогикалық зерттеу әдістері-педагогикалық болмыс туралы зерттеуші
жинаған факті мен білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері (43-сурет).
Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен құбылыстарды
түсіндіру және оларды алдын ала болжау.
Зерттеу
педагогикалық
зерттеулер
сапасын
танытушы
негізгі
көрсеткіштерді қамтиды: зерттелуге тиіс проблема, тақырып, зерттеудің
өзектілігі, нысаны, пәні, мақсат- міндеттері, болжамы, қорғалуы тиіс идеялар,
жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.