Ұқсастыру (аналогия
)
–
объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы
негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі.
Басқаша айтқанда, аналогия ғылымның бір саласындағы қатынастардың оның
екінші саласына транспозициялануы.
Эксперименттік-эмпирикалық зерттеу
(грек сөзі
«empeiria»
– тәжірибе)
дегеніміз
–
педагогикалық заңдылықтарды тәжірибеде, іс жүзінде қолдану.
Эмпирикалық зерттеу әдістерінің түрлері:
Бақылау-зерттеу: тікелей, жанама, тұтас, ашық, жабық, үзік, үздіксіз,
дискретті, моногрфиялық, бір бағытты;
Сұрақ-жауап әдістері: әңгіме-сұхбат, сұхбат-әңгіме, сауалнама (анкета);
интервью; тест жүргізу; педагогикалық құжаттармен танысу; оқушылардың
жазбаша, шығармашылық, графикалық жұмыстарын тексеру.
Өлшеу әдістері:
шкалалау, кесінділер алу, тест алу.
Достарыңызбен бөлісу: |