100
В.В.Давыдов тұлға ұғымдарының мағынасын жете ашады. Тұлға – бұл
индивид, ал барлық индивид – тұлға емес. Сол сияқты тұлға субъект, ал барлық
субъект өзін тұлға ретінде жетілдіре алмайды. Шығармашылық жоқ болса, тұлға
да жоқ; индивид бар болса, репродуктивті
іс-әрекеттің субъектісі бар, бірақ
тұлға жоқ.
Тұлға ұғымы шығармашылық іс-әрекеттің субъектісі ретінде адамның өз
дамуының құндылық қатынастарын сипаттайды. Іс-әрекетті жүргізу – адам
субъект ретінде нақты қызметтер атқаруы: талдау,
рефлексия, мақсат қою,
жоспарлау, жобалау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау, қарым-қатынас жасау.
Тұлға – адамның бойындағы әлеуметтік қасиеттер, сапалар,
белгілі бір іс-
әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын
мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар
нақты адам және қоғамның
саналы мүшесі, өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастары, қарым-қатынастары бар,
жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері бар жан иесі (46-
сурет).
Достарыңызбен бөлісу: