Нәрестелік жас
–
туғаннан бастап 1 жасқа дейін
. Жетекші әрекеті –
эмоциональды қарым-қатынас. Бұл жастың ерекшелігі (маңызды жетістігі) –
басқа адаммен қарым-қатынасқа деген қажеттілік.
2)
Сәбилік кезең
–
1-3 жас
. Жетекші әрекеті – заттық әрекет. Жетістігі –
сөйлеудің дамуы және көрнекі әрекеттік ойлаудың дамуы.
3)
Мектеп жасына дейінгі кезең – 3-7 жас
. Жетекші әрекеті – рөлдік
ойын. Жетістігі – қоғамдық маңызды, қоғамға бағалы іс-әрекетке ұмтылуы.
4)
Бастауыш сынып оқушысы
–
7-11жас.
Жетекші әрекеті – оқу; оқу
процесінде ес қалыптасады, сыртқы әлемнің заттарын меңгереді. Бұл жастың
жетістігі болып психикалық құбылыстардың ырықтылығы, ішкі әрекет
жоспары, рефлексия алынады.
5)
Жеткіншілік жас – 11-15 жас
. Жетекші әрекеті – қоғамда пайдалы
іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынас (оқу, қоғамдық-ұйымдастыру жұмыстары,
еңбек ,т.б.); бұл процесте жеткіншек әртүрлі жағдайдағы қарым- қатынас
дағдыларын меңгереді. Маңызды жетістіктері – өзін-өзі бағалау, сын көзбен
қарау, «ересек болуға ұмтылу» және ұжым өмірінің нормаларына бағына білу
іскерлігі мен дербестігінің қалыптасуы.
6)
Достарыңызбен бөлісу: |