105
Жеке тұлға – саналы сөйлеу, шығармашылық қабілеттері бар қоғамдағы
табиғи тірі организм – адам.
Адам туылғанда тек
биологиялық
тіршілік иесі
болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен
қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы
процесінің сипатын көрсетіп отырады.
Кейін іс-әрекет, қарым-қатынас,
еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі
негізінде жеке тұлға болып танылады. Адам бұл
жағдайға әлеуметтену деп
аталатын процесс негізінде жетеді.
Әлеуметтену –
оқу және тәрбиенің барлық процесін қамтып, әлеуметтік
өмірге араласуға, қарым-қатынасқа түсуге негіз болады. Әлеуметтену процесіне
тұлғаның барлық қоршаған ортасы қатысады: отбасы,
көршілері, құрдастары,
мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары.
Достарыңызбен бөлісу: