Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи



Pdf көрінісі
бет155/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 
Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи 
әлеуметі. Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік 
кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама.
Белгілі бір бала дамуының кезеңдеріне тән анатомиялық-физиологиялық 
және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. 
Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі 
ширақтықты, өзгерісті айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен 
жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. 
Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр 
жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға 
болады. Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас 
ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, 
денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды.
Ж.Ж.Руссо бойынша баланың жас кезеңдері: 2-ге дейінгі жас – дене 
тәрбиесі; 12-ге дейінгі жас – мектепке дайындық; 15-ке дейінгі жас – ақыл-ой, 
дене әрекеті; 18-ге дейінгі жас – сезім тәрбиесі, отбасын құруға дайындық. 
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, 
адам жасының табиғи негізі – жас сатылары немесе биологиялық жетілу 
сатылары. Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып 
табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік 
құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. 
Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. 
Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі – оқу 
енеді. 
Балалардың дамуының жас кезеңдері негізі даму заңдылықтарымен 
анықталады. Отандық психологтар бала дамуының әрқайсының өзіндік 
ерекшелігін, кезеңнің әлеуметтік даму жағдайы және жетекші іс-әрекет 
түсініктерімен анықтайды. 
Әлеуметтік даму жағдайын Л.С.Выготский анықтаған: «Дамудың ішкі 
процестері мен сыртқы жағдай үйлесімділігі, ол әр жас кезеңіне тән және сол 
жас кезеңіне тең психикалық даму динамикасымен шарттасады және соған 
байланысты». 


106 
Жетекші әрекет түсінігі А.Н.Леонтьев еңбектерінде ашылған. Әрбір жас 
кезіне сәйкес іс-әрекет түрі сәйкес келеді, ол баланың жеке басының дамуына 
және 
қалыптасуына, 
оның 
танымдық 
мүмкіндіктеріне 
әсер 
етеді. 
Психологиялық-педагогикалық ғылымның тереңдетіліп дамуына байланысты, 
жас кезеңдері де зеттелуде. Бұған Д.Б.Элькониннің еңбектері дәлел бола алады. 
Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір 
жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы 
және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. 
Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертеді, бұл өзгерісті ол біртіндеп 
сезінеді. 
Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде 
сезінеді. Бұл тәрбие, білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында адам 
өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, 
коғамдағы өз орнын сезінеді. 
Әлеуметтендіру – тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі 
белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, 
өндірістік, саяси т.б. көрінеді.
«Адамның адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, 
тірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа 
субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-
жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтарады» (П.Наторп). 
Д.Б.Эльконин балалар дамуының жас кезеңдерін төмендегідей көрсетеді: 
1)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет