Микрофакторлар:
ұстаз бен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие
орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум,
яғни белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына
қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-
пікірінің, көзқарасының болуы, олардың құбылысқа деген көзқарасын, ой-
пікірін білдіруі заңды құбылыс. Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды
түсініп қабылдауы да әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық,
психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Тұлғаның дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері: ойын, оқу, еңбек, таным.
Ойын
– бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-
құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімделіп, өзін еркін
сезінуге үйретеді. Ойын – балалардың бір-біріне деген қайырымдылық,
мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді.
Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі іс-әрекет түрі оқу іс-әрекеті болып табылады.
Баланың мектеп табалдырығын аттағандықтан, бұл кезең оның қатынастарының
барлық жүйесін жанамалай бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |