139
қасиеттерін өрбітеді, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігін, мұқтаждығын туғызады,
тәрбие оң нәтижесін береді.
Оқушы болса, ол – тәрбие обьектісі ғана емес,
сонымен бірге субектісі. Сол себептен, мектеп практикасында өзін-өзі
тәрбиелеуге оқушыларды дайындап болашақ жоспарын жасап, өзі ұзақ уақыт
бойы басқара білуіне обективтік жағдайлар туғызу керек.
XXI ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім мен
тәрбие болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында оқу-тәрбие
процесін халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған ірі
конгрестердің өткізілуі, соның ішінде Болон
процесінің қарқынды дамуы
дәлел.
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның қабілеттілік деңгейін,
іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн
тәртібіне өткір қойылып, адамның білім мен біліктілігі қазіргі кезеңде
мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр.
Шетелдік тәлім-тәрбие берудің негізгі тенденциялары: ізгілендіру, тұлғалық
бағыттылық және т.б.
Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқты Қазақстан Республикасында да
қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге асырылуда.Бәсекеге
қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмайынша, әлемдік
бәсекеге төтеп бере алатындай экономика, білім саласы дамымайды. Қай
заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің
негізінде іске аспақ.
Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуында ұстаздар
шешуші рөл атқарады.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа
стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен
қарқынды дамуы жеке тұлғаны тәрбиелеуге қойылатын талаптарды түбегейлі
өзгертті.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика
теориясы мен оқу-тәрбие процесіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып
отыр:
-
тәрбие берудің парадигмасы өзгерді, тәрбиенің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда;
-
тәрбие мазмұны жаңа біліктермен, ақпаратты
қабылдау қабілеттерінің
дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарықтық жағдайындағы тәрбие
бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
-
ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және
радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын
беруде;
-
тәрбиеленушінің жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани
баюына, азамат-тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
-
мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі
ынтымақтастық бірлігіне ұмтылыс жасалуда.
140
Өркениеті дамыған елдердің тәрбие жүйесінің ерекшеліктері 8-кестеде
ашылды.
Педагогика адам іс-әрекетінің басты саласы ретінде өз құрылымына
процестің объектісі мен субъектісін ендіреді. Дәстүрлі субъект-объектілік
педагогикада тұлғаны объект рөлінде қарастырады, ол алдыңғы аға ұрпақтың іс-
тәжірибесін үйренеді. Бұл жүйенің түпкі мақсаты – оны өмірге даярлау.
Ал қазіргі педагогика тұлғаны оқу іс-әрекетінің
субъектісі ретінде
қарастырады. Тұлғаның қоршаған ортамен барлық іс-әрекеті айқын көрініс
табады. Адам өзін қоршаған ортада өзінің «Мен» деген санасымен,
көзқарасымен субъективті бағыт ұстанады. Талап ететін педагогикадан
қарым-қатынас педагогикасына өту, оған ізгілік-тұлғалық бағыт ұстануды
көздейді. Ол мектепке, оның тұлғасына, ішкі жан дүниесіне бағытталады, оны
ұғынуға, оның ашылмаған құпия қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға
тырысады. Мектептің мақсаты – жеке тұлғаның
еркін дамуына толық
мүмкіндіктер жасау, оның өмірге деген құлшынысын, ішкі сезімін ояту.
Достарыңызбен бөлісу: