164
Сурет - 66. Ақыл-ой тәрбиесі
Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту. Ақыл-ой күштерін оқыту
барысында оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді
қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу
әрекеттерін
орындайтын, танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы
жүреді.
Еңбек тәрбиесінің мазмұны
Қоғамдық құрылыста еңбек тәрбиесі тәрбие жүйесінің негізгі бір
саласы болып табылады. «Адамды
адам еткен, еңбек» демекші, «еңбек
процесінде адам табиғатты өзгерте отыра, өзі де өзгереді» деген қағидаға
сүйенсек, еңбек әрекетінің нәтижесінде
адамның дене және
интеллектуалдық күші мен қабілеттері қалыптасып, дамып және одан әрі
жетіліп отырады.
Еңбек – адамның заттық және рухани
қажеттілігін қанағаттандыруда,
дене және рухани күшін дамытуға бағытталған саналы, мақсатты,
жасампаздық және интеллектуалдық әрекеті. Адамның
еңбегінің арқасында
бүтіндей заттық және рухани игіліктер жасалынады, еңбек процесінде адам
баласы өсіп жетіледі (67-сурет).
Еңбек
тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және мазмұны нақтылы
қоғамдық-тарихи жағдайға байланысты анықталып, жетіліп отырады.
Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның
іс-әрекетіне жемісті
қатысуының маңызды кепілі. Дене тәрбиесі күн ырғағын, еңбек, демалыс,
тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: