177
қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық
туындылары,
құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сәт көріністері және т.б. –
тәрбиелік ықпалға ие. Тәрбие құралдары тәрбиеленушіге өздігінен әсер етеді,
сонымен бірге оларды тәрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
Тәрбие құралдары қандай да тәрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі.
Мұндайда таңдау тәрбие әдісіне орайлас орындалады.
Құралдар өмір
құбылыстарын көз алдына келтіреді, тәрбиеленушілердің белсенділігін
көтереді, материалдық-техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық
көңіл-күй
шуағын береді, іс-әрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да
қызметтің астарлы рәмізін айқындай түседі, т.с.с.
Құралдар
белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық,
құқықтық
талаптарға сай болуы шарт. Тәрбие құралдарын таңдап, іріктеудегі басты
мақсат – олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметтерінің толық іске
асуы, дербес қарым-қатынас жасауға жәрдем беруі (75-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: