Конференция сабағы . Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір
тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын
көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде
өткізілетін оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың
көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына
ұқсас
келеді.
Бірақ,
оқу
конференциясында
баяндамашылар
мен
сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет.
Сынақ сабағы. Сынақ сабақтарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі
мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту, оқыту
процесінде
оқушылардың
жоғары
белсенділіктерін,
жауапкершілігін,
дербестігін орнықтыру. Сынақ сабақтары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай
оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал
етеді.