«Ойлан, тап!» сабағы
– ойын сабағының ең маңыздысы. «Ойлан, тап!»
сабағы – білімді жүйелеу, қайталау және тексеру сабақтарында пайдаланған
ұтымды. Сабақтың ерекшелігі – сабақта қызықты шытырманды мәселелер
қарастырылып, шешуін табуда оқушылардан терең білімді талап етеді.
Осындай «Ойлан, тап!» сабақтарының оқушылар үшін маңызы зор
болады, өйткені олар көпке дейін оқушыларға үлкен ой салып, танымдық
қызығушылықтарының артуына жол табады.
«Ғажайыптар алаңы»
– ойын сабағының ерекше түрі. «Ғажайыптар
алаңы» сабағы көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарын өткізгенде пайдалануға
тиімді. Бұндай сабақтарға оқушылардың қызығушылығы өте жоғары, өйткені
жеңімпаз оқушыны шағын «сыйлықтар» күтіп тұрады (қолдан, оқушылардың
өздері жасаған бұйымдары, суреттері, макеттері).
Достарыңызбен бөлісу: |