Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


оқыту әдістерінің кешенін таңдау негіздері



Pdf көрінісі
бет405/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

оқыту әдістерінің кешенін таңдау негіздері. 
Оқыту әдісін таңдау – күрделі процестің бірі. Оқыту әдістерін тандау 
әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол 
дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне, мұғалімнің өзінің 
дайындық деңгейіне байланысты. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен 
жолдарын талап етеді.
Соңдықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы 
мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың 
дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы 
толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады. 
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар: 
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және 
таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану; 
2. Мектептің материалдық-техникалық базасын ескеру; 
3. Мектептің орналасқан жерін, типін ескеру.
4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі 
өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы.


270 
Әдістер алуан түрлі және шексіз болып келеді. Ал оқушылардың оқу-
танымдық белсенділігін қалыптастыруда әдісті таңдап алу қиындығы 
байқалады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылыққа төмендегілерді 
алуы қажет: 
-
оқушылардың өздігінен білімді игеру мен оқу-практикалық даярлығын 
қалыптастыруға бағыттау; 
-
оқушының 
жеке тұлғасын, шығармашылығын дамытатын оқу-
танымдық, зертеушілік, іздемпаздық іс-әрекетке бағыттау; 
-
оқушының жеке дара психологиялық даму ерекшелігін ескеру; 
-
оқушы дамуының табиғи және әлеуметтік ортасын ескеру; 
-
мектептің арнайы оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу 
деңгейі; 
-
мұғалімнің жеке басының кәсіби даярлық деңгейі, өмірлік іс-тәжірибесі 
мен педагогикалық шеберлігі. 
А-қосымшада сабақта оқыту әдістерінің кешенін таңдау негіздерінің
сипаттамасы берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет