Білім беру сапасы дегеніміз – білім берудің белгілі бір нормалар мен
стандарттарға және оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын мүдделері
мен қажеттіліктеріне сай болуы.
Оқыту сапасы деп білім мазмұнын игерудің (білімнің, іс-әрекет
тәсілдерінің, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің, эмоционалдық-құндылық
қарым-қатынастарының) және оқушылардың оқу процесінің түрлі кезеңдерінде
өздерінің жеке мүмкіндіктері, талпыныстары мен оқыту мақсатына сәйкес
дамуының белгілі бір деңгейін айтады. Егер оқыту нәтижелері операциялық
тұрғыда берілген мақсатқа сәйкес келсе және әлеуметтік даму аймағында
болжанған болса, онда оқыту сапалы деп танылады.