Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогикалық мәдениеттің басты құндылықтары



Pdf көрінісі
бет70/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika


Педагогикалық мәдениеттің басты құндылықтары:
 
бала тұлғасы;
 
жеке 
тұлғаның дамуы;
 
бала тәрбиесі;
 
баланың әлеуметтік қорғалуы;
 
баланың құқығы 
мен абыройын қолдау (21-сурет). 
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері: 
-
ізгілікті педагогикалық көзқарас; 
-
педагогтың тұлғалық қасиеттері; 
-
мұғалімнің теориялық білімі мен шығармашылық ойлауы; 
-
кәсіби іс-әрекет мәдениеті; 
-
шығармашылық әрекет тәжірибесі. 
 
 Сурет-21. Педагогикалық мәдениеттің басты құндылықтары
 
22-суретте мұғалімнің кәсіби мәдениетінің мәні ашылды.
Бала тәрбиесі
Жеке тұлғаның 
дамуы
Баланың әлеуметтік 
қорғалуы
Бала тұлғасы
Баланың құқығы 
мен абыройын 
қолдау


48 
Педагогикалық 
(кәсібилік) 
Моральдық-
этикалық 
Психологиялық 
Жеке 
тұлғалық 

Ұйымдастырушылық 

Білімнің тереңдігі 

Ғылыми білім 

Дарындылық 

Шығармашылық 

Зерттеушілік 

Адамгершілік 

Ақиқатқа
құштарлық 

Мейірімділік 

Қарапайымдылық 

Жауапкершілік 

Мінезі 

Ерік күші

Ұстамдылық 

Тұрақтылық 

Темпераменті 

Эмоционалдық 

Сыртқы 
келбеті 

Киім киісі 

Жүріс-тұрысы 

Сөйлеу 
мәдениеті 

Әдептілігі 
 
Сурет-22. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті 
 
Педагогикалық білім беруді жаңғыртудың әлемдік тенденциялары. 
Педагогикалық 
білім 
беруді 
құзыреттілік 
негізінде 
жаңғырту. 
«Құзыреттілік», «құзырет», «құзыреттілік тәсілі», «мұғалімнің кәсіби- 
педагогикалық құзыреттілігі» ұғымдарының мәні. 
Білім беру жүйесінің мақсаты – Қазақстан Республикасының зияткерлік, 
дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін 
әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін 
қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті 
адами капиталды дамыту. 
Құзіреттілік тәсіліне негізделген жаңа білім мазмұнның базалық принципі – 
тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі 
білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру, 
коммуникативтік дағдыларды, ақпараттар мен технологияларды басқара білуі, 
проблемаларды ұтымды шешу, іскерлік пен креативтілікті қалыптастыру, 
тұлғаның өздігінен дамуы мен дербестігін қамтамасыз ету. 
Құзыреттілік – білім мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру 
нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін 
сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері (4-кесте). 
Құзыреттілік – педагогтың өзін маман ретінде өз бетімен білімін, кәсіби 
шеберлігін, мәдениеттілігін көтеріп, қазіргі заман талабына сай бейімдей білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет