Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет68/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

4) Төзім мен сабыр сақтау. 
Мұғалімнің педагогтік әдептігі үшін бұл 
қасиеттердің маңызы үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Ашу үстінде 
ешқандай шешім қабылдамау керек (19-сурет). 
 
Сурет-19. Педагогикалық әдеп белгілері 
 
К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, 
педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық 
шеберлікке қолы жетпейді» – педагогикалық әдептің мұғалімнің іс-әрекетінде 
алатын рөлін айқын ашып көрсете алды. 
Педагогикалық әдеп
Ілтипаттылық
Әділдік
Төзім мен сабыр 
сақтау
Сенім білдіру


46 
Мұғалімнің ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін 
кешіреді. Керісінше мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез көрсетсе
оқушылардың көңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады. 
Педагогикалық әдеп талаптары:
 
1) Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу: оқушыны ұдайы қолдау, 
сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту. 
2) Ықпал жасау шамасын білу: Қалай және қай шамада кінәлайды? Қай 
шамада мақтайды? Қай сөзді қашан және қалай айтады? 
3) Ұтымды шешім қабылдау: Ақыл – ең жақсы шешім, ашу – нашар 
кеңесші. 
4) Ешқашан да оқушынының көңілін қалдырмау: көңіл қалдыру мұғалім 
мен оқушы арасындағы психологиялық кедергіге жол ашады.
5) Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мұғалімнің өзін-өзі ұстай алуы. 
6) Білімді әділ, обьективті бағалау.
7) Ұдайы көтеріңкі көңіл-күйде жүру. (Егер көңіл-күйіңіз нашар болса, 
оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай 
болғанда да тек қана жайдарлы, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс).
8) Әзіл, тапқыр сөздерді орынды қолдана алуы (20-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет