Атырау облысы, Атырау қаласы №4 облыстық мектеп – интератының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Дата10.07.2017
өлшемі132,93 Kb.
#21007
Атырау облысы, Атырау қаласы

4 облыстық мектеп – интератының



қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нұрсұлтан Армангүл Батанқызы
Жаңаша оқыту арқылы оқушылардың біліктілік деңгейін арттыру.

Тиімді білім беру жүйеміздің үшінші деңгейлік Бағдарлама аясында дұрыс қалыптасуы егеменді еліміздің болашағы үшін маңызды.Соған орай білім ордаларындағы оқыту мен оқуда ұстаз бен оқушы алдында үлкен жауапкершілік міндеі тұр.Пәнді қалай тиімді меңгертуге болады? Қазіргі курс бағдарламасын игергеннен кейін бұл сұраққа бірден Бағдарламаның жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы деген жауабымды айтар едім. Еліміздің бүгінгі білім беру саласында ұлттық негізіміз кеңінен қалыптасып,ескі мазмұн жаңасымен алмасып жатыр. Курстың алғашқы айының бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде Бағдарламаның идеясынан білгеніміз – оқушылардың қалай оқу керектігі болды.Қашықтықтан оқытуда мектептегі тәжірибеге барар алдында қалай менің алдымда «Тиімді оқытуды қалай жүзеге асырамын?» деген үлкен сұрақ тұрды.



Осы сұрақтың жауабын тәжірибелік оқыту іс-әрекетім арқылы таба білдім. Тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын Бағдарлама идеясымен байланыстыра құрған кезімде жоғары нәтижеге жетуге болатынына көзімді жеткіздім.Мектепке барған алғашқы күнімде жаңа бағыттағы өзіндік идеяларымды әріптестеріммен бөлістім. Және іс жүзінде жүзеге асыруға кірістім.Жұмысымды тоқсандық оқыту уақытына сай келіп тұрған тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын құрудан бастадым.Жоспар құруда мектеп –интернаттың оқыту үдерісінің ерекшелігін, қазақ тілін оқытудағы басты жайттарды,жеті модульдің ықпалдастырыла тиімді кіріктірілуін басты назарымда ұстадым.Орта мерзімді жоспар құруда дәстүрлі оқытудағы жоспарыммен салыстыра отырып,оқушының жан-жақты қабілетінің ескерілетін артықшылығын байқадым.Оқушының оқуына әсер ететін факторларды,яғни кездесетін басты кедергілердің де ескерілуіне мән бердім. Тағы бір артық тұсы - жоспарда тапсырмалардың,масат пен нәтиженің,оқыту әдістері мен бағалау түрлерінің нақты көрініп тұруы.Бұл маған төрт сабағымның қысқа мерзімді жоспарын құруымда үлкен көмек болды.Осы қысқа мерзімді жоспарды құрудың мен үшін өзіндік қиыншылықтары болды.Тәжірибеге 6-сыныптың қазақ тілі пәнін таңдап,жоспар құрылымында көрсетілгендей сабаққа қажетті көрнекі және қосымша материалдар жинақтадым.Оқу кезеңіне келіп тұрған «Шылау сөздер» тарауының тізбектелген төрт сабағының қысқа мерзімді жоспарларын құрдым.Бұл сабақтардағы мақсатым тоғыз сөз табының ішіндегі шылаудың ерекшелігі мен түрлерін ажыратып, ауызша және жазба тілдерде тиімді қолдана білуге үйрету болды.Бастапқыда топ ережесін құрғыза отырып,сабақтарымда бірінші «Бетпе бет» кезеңде өзімізге ұйымдастырылған тренингтер мен ойындарға ұқсас үлгілер топтамасын өткіздім.Оқушылар бірде құрылымдалған, бірде құрылымдалмаған топ құра отырып,бірлесе жұмыс жасауға бірден дағды алды. Ұйымдастыру бөлімдерінде сыныптағы ынтымақтастық атмосферасының қалыпты жағдайының маңыздылығы арта түсті. Ұйымдастыру бөлімдерінде оқушылардың жақсы көңіл –күйлерінің болуы,сабақта алдарына мақсат қоя білуі,білім деңгейлерінің реттелуі,бір–біріне шынайы жақсы тілек арнауы әр сабақта күтілетін нәтижелерге оқушылармен бірге жету үшін негіз болды. Осыдан-ақ Мослаудың:«Төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады,себебі төменгі деңгейдегі ынта жоғары деңгейден анағұрлым күшті» деген сенімді дәлелдемесінің шынайылығына көз жеткіздім.Сәтті бастаманың бір көрінісі өзім арнайы талдау жасап,егжей-тегжейлі тоқталып отырған «Шылаулардың емлесі» тақырыбындағы қорытынды сабағымда орын тапты.Жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызып,өз есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын жүректен шыққан шынайы жақсы тілектерін сағат тілі бойынша кезектестіре айтқыздым.Ол сөздер мені де, оқушыларды да сабақтағы сәттіліктерге қанаттандырды.Осы жерде мен оқушыларда Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырыстым.Басқаша айтқанда,оқушылар өзін-өзі ынталандырды және ұмтылыс пен қызығушылықтары пайда болды. (1,34). Жақсы сөздері арқылы өзара жылулық пен ниеттерін қалыптастырып алғаннан кейін оқушыларды жаңадан құрылымдалмаған топқа бөлдім. «Шатыр және адамдар» тренингі бойынша алдымен жұптасты, одан соң шағын топ құрады,ақырында үлкен екі топқа бөлінді.Әрине,кедергісіз бірден орындала қойған жоқ.О.Н,Ж.Ж секілді оқушылар алғашқыда абдырап,бұрынғы тобынан ажырағысы келмесе де, түсіністікпен үйренісіп кетті.Үй тапсырмасы бөлімінде «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы оқушылармен арада кері байланыс жасадым.Мұнда тарау бойынша теориялық білімдерін тиянақтауды,пысықтауды, баяндау тілдерін дамытуды мақсат еттім.Тоқыма жіпті бір-біріне лақтыру арқылы белгіленген уақыт мөлшерінде өтілген тақырыптардан түсініктерін баяндады. Өрмекші торына түсіп қалмас үшін барлық оқушы үздіксіз сөйлеуге тырысты.Осы жерде А,В,С деңгейлі оқушылардың аралық алшақтықтарын анық байқадым.Оқушыларым С.Қ,А.И,Ж.Қ-лардың толық жауаптарына қанағаттансам,Б.Д,О.Б сияқты оқушылардың бір сөйлеммен шектелген қысқа жауаптарына қынжылдым.Яғни, оларға қолдау мен көмектің әлі де керектігін түсіндім.Сол себепті кейінгі тапсырмаларды топпен орындау барысында жекелеген оқушыларды өзін-өзі таныта білу деңгейіне жеткізуге тырыстым. Жеке жұмыстар арқылы ынталандырып, ортаға қосылуына ықпал жасадым.Яғни,бірінші тезистің:жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты,екінші тезистің:оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып,оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады қағидаларының орындалысына мән бердім.(1,35).Жаңа сабақтың кезеңдерін бағдаршамның үш белгісімен белгілеп,төрт бағытта тапсырмаларды күрделендіре орындаттым.Әр бағыттың өзіндік атауына сай күтілетін нәтижесі мен түйінді ойы болды.Бұл жерде менің әр оқушыны жеңілден күрделіге, төменнен жоғарыға өзіндік сенімділіктерімен жетелейтін мақсатым болды.«Сауаттылық бағытының» тапсырмасы оқулықтан алынды. Екі топ екі жаттығудың сөйлемдерін үлестірме парақшаларында орындады. Бірден тексеріліп,ұпай берілді.1-топ шылау мен жалғауды ажыратып жазса, 2-топ шылау мен болымсыздық етістік жұрнақтарын ажыратып жазды. Тапсырманы жеке орындап,қызыл бағдаршамның түсіне ілгенде орта деңгейдегі оқушылардың қателескен тұстары анықталды. Өз тобынан көмек сұрау арқылы қателіктерін лезде түзетті.Нәтижесінде «Неліктен?» сұрағы төңірегінде сыни тұрғыдан ойлауларын,диалог жүргізе алуларын,шылау сөздердің жазылу емлесі бойынша жазбаша сауаттылықтарын дамыттым. «Тәжірибе бағытының» тапсырмасы толығымен топтық жұмысқа арналды. Әр топ берілген әңгімедегі шылауларды тауып, тіркескен сөзімен теріп жазып,топтастырды. Ортақ шешіммен шығарған тірек –сызба бейнесіндегі жауаптарын постер арқылы қорғады. Бұл тапсырма бағдаршамның сары белгісімен орындалды. Топтың жұмысын сырттай бақылағанымда біреуінің аңғармай отырған шылау сөзді екіншісі іздеп тауып,толықтырғанын,өз ойларын дәлелдеулерін байқадым. Өз тарапымнан оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беруде бесінші тезис нақты көрініс тапты. (1 ,35). Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. 1,49. Міне осы теорияның іс жүзіндегі дәлелдемесін көру үшін осы тапсырманы әрі қарай дамыта түсу мақсатымен күрделендіре түстім әрі келесі бағыттағы жұмысқа сілтеме жасадым. Сол үшін екі әңгіме де бір-бірімен мазмұн жағынан өзектес болған соң: «Әңгіме неліктен ұнады? Қандай әсер алдыңдар? Ата –әжелерімізді не үшін жақсы көреміз?» сияқты ортақ сұрақтарды бердім. Осындай сынақтан өткізу сұрақтарын ортаға тастап, оқушыларды диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлануға бағыттадым. Мен осы кері байланыстағы әңгімелесуден оқушылардың әртүрлі әсердегі күйлерін байқадым. Ол түсінікті де. Ата-әжелерінің бауырында өскендері, өмірде барлары сезімге толы ойларын қуанышпен жамырай жеткізіп жатса, ата- әжелері бұл өмірден өтіп кеткендері сағыныш сезімдерін ішкі толқумен айтты. Осы оқушыларға мен жылы сөздермен қолдау көрсеттім. Тапсырманың сәттілігі ауызекі сөйлесу тілінде сыныптағы барлық оқушының да қамтылуы болды. Оқушыларымның сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамыған жетістігін көріп те қуандым. Топтарға бөліну ерекшеліктеріне қарамастан қорытынды түйінді ой жасады. Яғни дәстүрлі оқыту кезеңінен едәуір алшақтап, сабақта топқа бөлініп, тақырыппен байланысы бар тренингтер өткізудің де көп әсері бар. Сондықтан ба оқушылар әрі таңырқай, әрі қызыға қарап, пәнді меңгеруге деген құлшыныстары жақсы болды. Топқа бөліне отырып,жұмыс жасау оқушыларға өте ұнады. Себебі, үлгерімі орта болып келген, өз біліміне не жауабына қатысты мұғалім тарапынан «қате, дұрыс емес» сияқты бір жақты зілді пікірді естіп қаламын-ау деген сенімсіздіктері басым тұйық оқушылар топтың басқа мүшелерімен диалогқа түсе отырып, өздері білмейтін көп нәрселерді үйренді. Сол сияқты бұрын дәстүрлі сабақ өткізгенде төменгі деңгейлі (жабық) сұрақтарды көп қолдансам, енді бүгінгі таңдағы жаңаша құрылған сабақ өткізу тәжірибемде оқушыларды сыни ойлауға үйрету үшін жоғары деңгейлі (ашық) сұрақтар қою керектігінің маңызын білдім. Топқа қосылмай жүрген, білетінін іште сақтап, түсіндіріп жеткізуде қиналып жүрген сөзге шорқақ тұйық оқушыларымның ашыла бастағанын да байқадым. Бұл жаңа бағдарламаның әдіс-тәсілдерінің тиімділігі – сыныпта барлық оқушының өз ойын өзгелермен бөлісе алуы. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда диалогтік оқытудың да пайдасы ұшан теңіз екен. Сабағымның сәтті өтуінде мен үшін үлкен көмек болды.Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда оқушылардың өз арасындағы, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс жақсы болуы тиіс. Яғни сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты деп санаймын. Сұрақ қоюды диалогтік оқытумен байланыстыра отырып қолданғаным оқушылардың өткен немесе жаңа тақырып бойынша жауап беру үшін ерекше қызығушылығының оянуына, өз бетімен сыни ойлауын дамытуына көп үлес қосты. Сұрақ қоюдың әр жолы оқушы мен мұғалімнің, топтардың, сыныптағы оқушылардың арасында тығыз байланысты нығайтты. Сұраққа жауап беру арқылы оқушы ойын жинақтап, пікірін жинақтап айтуға қалыптаса бастады. Бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін де туындайтын қайта бағыттау сұрақтарының да маңызы зор. Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша постерлерін қорғап, ойларын іште бүкпей түгелдей ортаға салып талқылады. Талқылау нәтижесіндегі жауаптарын өткен сабақпен байланыстырып, тізбектелген сабақтар топтамасының арасында кіріккен сабақтастық орнады. Бұл жұмыс күрделі бола тұрса да, мұғалім мен оқушының арасындағы жүйелі диалогтың қолданылуымен жүзеге асты.. Себебі, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана сабақ берудің тиімді құралына айналады. Оқушылардың оқуына қолдау көрсетіліп, оқу мен оқытуды жақсартады және кеңейте алады. Сабақ барысында берілген сұрақтардың барлығы да өзім үйретуге, жеткізуге тырысқан негізгі ұғымдарға қатысты оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытумен қатар жаңа тақырып бойынша да толық ұғым қалыптастыруларына да ықпал еттім деп ойлаймын. Әйтсе де, топтық жұмысқа оқушылардың әлі де дағдыланбаған сәттерінің көрініп қалған кездері болды. Алтыншы тезистегі белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болу керек делінген дәлелдемені ескере отырып, әр тапсырманың жүйелі орындалуы үшін уақыт шектеп отырдым. Сабақ осы негізде өткізіліп отырса да,оқушылар топта талқылауды жүргізу барысында қанша тырысқандарымен уақытты тиімді пайдалана алмады. Әрине,бұл мен үшін үлкен мәселе. Осыған орай болашақтағы жұмысымда уақыттың тиімді пайдаланылу маңыздылығын басты назарда ұстауымды мақсат етіп қоямын. Ол үшін тапсырмаларды нақты мазмұнда алып отыруым қажет. Талантты және дарынды балалардың қабілеттерін дамыта түсуге осы сабағымның «Ізденіс бағытында» жеке шығармашылық жазба жұмысын орындауда оқушылармен бірлесе жеттім. Топ мүшелері жағымды әуен сазын тыңдай отыра жеке орындады. Екі топ бір-бірінің жұмысымен араласа отырып танысты. Жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалап, үздіктерін топ болып таңдады және таныстырды. Осы жерде С деңгейіндегі оқушыларымнан қалыспай, А деңгейіндегі оқушыларым да өте жақсы еңбектер жазғандары анықталды. Ой толғаныстарын қара сөзбен де, өлең сөзбен де қағаз бетіне өрнектей білген. Осындай нәтижелерден кейбір оқушылардың ішкі түсініктерін ауызекі тілде шығара алмаса да, жазбаша тілмен жеткізу ерекшеліктерін байқадым. Сабақ қорытындысын «Түйінді сөздер қорабы» әдісімен шығардым. Оқушылар ортаға қойылған қорап ішіне тарау бойынша меңгерген теориялық білімдерін бір сөйлеммен түйіндеп жазып салды. Оқушылар әр тапсырма бойынша өздерінің қорытындысын критерий арқылы бағалап отырды. Өзін-өзі бағалау парағы төмендегідей бағытта құрылды:

Бағыты

Табыс критерийі

Дискрипторлар

Лейблдар

Сауаттылық

Шылауды қосымшадан ажырату

Ажыратты




Толық ажырата алмады




Мүлде ажырата алмады




Тәжірибе

Шылауды тіркескен сөзімен таба білу

Тапты




Толық таба алмады




Мүлде таба алмады




Ізденіс

Шығармашылық жұмысты түсініп орындады

Түсініп орындады




Толық түсініп орындай алмады




Мүлде түсініп орындай алмады




Қорытынды










Лейблдар: 5- жоғары, 4- орта, 3- төмен.

Бағалау парақшасының қорытындысымен танысқан кезде кейбір орта деңгейдегі оқушылардың артық бағалаушылықтарын тағы да көрдім. Сол себепті өзімнің сабақтың өн бойында жүргізген бақылауымды жарияладым. Ортақ шешімге келіп, өзіндік келісімдерімен әділетті бағалануға бірлесе қол жеткіздік. Осылайша үшінші деңгейлік Бағдарлама идеясы бойынша оқытудың тиімділігін тағы да анықтай түстім. Оқушылар арасында да өзіндік түсініктері қалыптасып қалды. Бұған сабақтың бекіту бөліміндегі оқушылардың жазған рефлексиялық ойлары дәлел. «Жеміс ағаштар» тапсырмасында оқушылар алма ағашына сабақтан алған жақсы әсерлерін, лимон ағашына алдағы жұмыстарға ұсыныстарын стикерге жазып жапсырды. Топ басшысы оқып таныстырып, талқылады.



Бүгінгі таңда жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу міндеті ұстаздар алдына қойылып отыр. Осы міндеттерді мектептегі тәжірибемде оқыту барысында ақпараттық–коммуникациялық технологияларды үздіксіз пайдаланып орындадым. АКТ-ны қолданудың тиімдісі тапсырмалар айқын, нақты көрініп, ерекше қызығушылықпен тез орындалады, уақытты ұтымды пайдалану болады. Интерактивті тақта арқылы өз жауаптарының дұрыс-бұрыстығын тексерді, салыстыра отырып, жауаптарын толықтырды. Ақпараттық– коммуникациялық технология оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін,мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады.Білім мазмұнын анықтауда,оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде тиімділігі зор.

Мектепте қазақ тілінен оқушыларға жеткілікті тереңдетілген білім беріліп қана қоймай, олардың бойына таным мен ойлау тәсілдерін де, алған білімдерін практикада қолданудың әдістерін де сіңіру керек. Оған қоса балаларды механикалық жаттауға емес, сындарлы ойлауға, ақпаратты қабылдап бағалауға, оны туындаған жаңа проблеманы шешу үшін қолдана білуге үйрету керек және соның жолында шығармашылықпен ізденісте болу қажет деп ойлаймын. Оқушының бойында пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қалыптастыру- мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Сыни тұрғыдан оқушыларды ойлата отырып, жаңа бағыттағы оқыту үдерісі ізденушілікпен дәлелдер жинауды және одан әрі дамытуды қарастырады. Қазақ тілін меңгертудің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеті модуль ішіндегі диалогтік оқыту мен сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің маңызы жоғары. Алған білімдерін практикада қолданудың әдістерін де оқушыларға нақты игерту керек деп ойлаймын. Оған қоса балаларды механикалық жаттауға емес, сындарлы ойлауға ақпаратты қабылдап бағалауға, оны туындаған жаңа проблеманы шешу үшін қолдана білуге үйрету де осы модульдердің ықпалымен болуы керек.Сыни бағалау – әрекет үдеріс не өнімнің нәтижелігін, құндылығын,негізділігін талдау және олардың неліктен нәтижелі, құнды, негізді болғанын немесе болмағанын түсіндіру көзқарасы. Бұл сабағымда аз тапсырмалар арқылы теория мен практиканы жеңіл ұштастырсам да, шығармашылық қабілеттерін дамытуға басты көңіл бөлдім. Мұндағы мақсатым оқушылармен жұмыстың қай тұсының әлсіздігін байқау, олардың бойындағы қай қабілеттерін дамыту керек екенін анықтау болды. Сабақ соңында мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Оқушылардың көбі сабақтан алған жақсы әсерлерімен жазбаша бөлісіп, алда да топтық жұмыстардың бола берулеріне ұсыныстарын білдірді. Сабақтың әр кезеңінде сыни ойлауға дағдыланған оқушы да,қиналған оқушы да кезікті.Тәжірибе кезінде өткізген тізбектелген сабақтарымның барлығында да оқушылардың іс –әрекеттерін назарымнан тыс қалдырмауға тырыстым. Топтағы көшбасшы оқушылар өзінен–өзі іріктеліп шықты. Мысалы, үй тапсырмасы бойынша немесе жаңа тақырыпты ашу тапсырмаларын орындау барысында да оқушыларым Қ.С, И.А өз бойларындағы таланттылық және дарындылық қасиеттерінің арқасында барлық жағдайдан шығып, шешім тауып отырды. Тобының басқа мүшелерін де көмек көрсете отырып, алға жетеледі. Яғни олардың бойынан Фриманның сегіз сенімді өлшемдерінің барлығы да табылғанына қуанамын. Дегенмен, мұндай оқушылармен жұмыс сабақ берумен шектелмеуі керек екенін түсінемін. Сондықтан болашақта дарынды оқушыларға арналған тапсырмаларды көптеп жоспарлауымның қажеттілігін ескердім. С.Д, Б.О сияқты орта деңгейдегі оқушыларым тақырыптық сұрақтарды түгел қамти алмай қалды. Бұл жердегі менің кемшілігім сұрақтарды барлығына бірдей күрделі етіп қойып, олардың мүмкіндіктерін ескермеуімде болды. Келесі сабақтарымды жоспарлағанда осыны басты назарда ұстауым қажет. Қолайлы оқу үшін кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болу керек делінген. Осы орайда сабақтың әр кезеңі сайын кері байланыс жасау дағдыға айналды. 
Сыни сауалнамалардың да күтпеген нәтижелер беретініне де көзім жетті. Мұндай нәтиже мұғалім ретінде кәсіби өсуімізге үлкен ықпалы бар. Сондықтан оқушыларды әр кез ынталандырып отырсақ, үнемі дайындалып жүреді, өз бағаларын жақсартуға тырысады. Жаңа бағдарлама идеясы осындай істердің орындалуында басты көмекші болады. Сабақтың соңында қол жеткен нәтижелердің бірі- оқушылар бағалауды үйренді. Өзара бағалаудың маңызы зор екенін түсінді. Өзара бағалау оқушыларға қажетті кері байланыс орнатуына көмектеседі және алға қарай ұмтылдырады. Сабақтың тағы бір сәттілігі оқушылар ынтымақтастық амосферасын сақтай отырып, әңгімеге өз бетімен араласады, тапсырма қорытындысында өз ойын ашық айта алады, өз мүмкіндігін біледі, нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы сыни ойлайды, тапсырманы өзіне деген сенімділікпен орындайды. Мектептегі тәжірибе кезінен кейінгі ойға түйген мақсатым: әр оқушының білімге құштарлығын дамыту және білімнің болашағы үшін қажеттілік маңыздылығын сезіндіру.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Мұғалімге арналған нұсқаулық, Астана-2012, 306 бет.

2 Қазақ тілі мен әдебиеті республикалық әдістемелік журналы, Алматы

2007ж. №4,16.

3 Интернет материалдары: Gooqle және Mail.ru сайттары, 2013ж.



4 Қазақстан мектебі, Алматы -2010/3ж.


Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет