Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогтың сөйлесу мәдениеті



Pdf көрінісі
бет83/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Педагогтың сөйлесу мәдениеті 

кәсіби іс-эрекет жетістігінің шарты. 
Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын этикалык талаптар. Мұғалімнің 
сөйлеуінің тәрбиелік және білім берушілік әсері. 
Атақты педагог Я.А.Коменский: «Педагогтың оқушы назарын өзіне 
аудара алатындай деңгейдегі сөз мәнері болуы қажет. Мұғалім тілі оқушыға 
түсінікті, нақты әрі тартымды болуы қажет» – деп, сөз мәнеріндегі 
мәдениеттілік педагогтың рухани байлығының, ойлау мәдениетінің маңызды 
көрсеткіші және тұлғалық қалыптасу құралы болып табылатын айрықша атап 
өтті. 
30-суретте мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар ашылды. 
Сөйлеу, сөйлесе білу – өнер, мәдениеттіліктің етене белгісі. Ал тіл – 
тұлғаны қалыптастырудың, әлеуметтік тұрақтануының маңызды құралы. Оқу-
тәрбие процесінде тіл ерекше орынға ие. Егер сөзді педагог белгілі бір мақсатта 
тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланса, оның ықпалы артады. 
Ы.Алтынсарин

«Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда 
мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі 
кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, 
сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді 
қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек» – деп, 
мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен 
мимикасы мәнерлі және бай болуы қажет екенін көрсетті. 


59 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет