67
білімнің мазмұны, оқытудың тәсілдері жайлы педагогикалық көзқарастарын
білдірді.
Ежелгі Шығыста (б.з.д.,V-IV ғасыр) – Мысыр, Үндістан, Қытай өркениеті,
Ежелгі Месопотамияда (б.з.д., 3 мыңжылдық) әңгіме, талқылау, диалог-талас,
жаттау, көшіру, жаттығу, көшіріп жазу әдістерін қолданған.
Біздің заманымызға дейінгі І-мыңжылдықта Ежелгі Үндістанда мектептің
білім беру ісінде оқытудың белсенді тәсілдерін қолданған. Мысалы: мұғалім
оқушының алдында әртүрлі мақсат қойып, оқушыны сұрақтарға жауапты өз
бетінше табуға, шындықты танудың тәсілдерін меңгертуге үйретті. Ежелгі
Қытайдағы Конфуций мектебінде оқытудың үлгіге еліктеу, диалог, салыстыру,
заттарды және құбылыстарды топтастыру тәсілдері қолданылды.
Педагогика ғылымының даму тарихын зерттеушілер білім беру мен оқыту
теорияларының пайда болуын ежелгі грек-шешен өнерінің теориясын салушы
Квинтилиан Марк Фабия (б.з.д., 35-96 ж.) атымен байланыстырады. Квинтилиан
б.з.б. І-ғасырдың аяғында шешендер мектебін ашып, «Шешендік білім туралы»
атты 12 томдық еңбек жазды. Трактатта білім беру және тәрбиелеудің әртүрлі
мәселелерін талқылады. Сондықтан Квинтилиан шығармасы ежелгі Римнің
педагогика тарихының бай көзі болып табылады. Оқытудың негізгі тәсілдеріне
еліктеу, уағыздау, жаттығу жаттады. Квинтилиан ұжымдық оқумен оқылған
мәтінді талдауды тәжірибеден өткізді.
Еуропада (б.з.д., V ғасыр) орта ғасырлық мектеп құрылды. Оқыту
бағдарламасының мазмұны 2 еркін өнерден тұрды:
1)
бастапқы цикл
Достарыңызбен бөлісу: