ұл кезеңде Ресей отаршылдығына қарсы қазақ
даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және
ағартушылық-демократиялық
идеялардың өркен жаюы
жүзеге асты.
XIX ғасырдың екiншi жартысында Қазақстан даласында Ресейдiң алдыңғы
қатарлы
демократиялық
ой-пiкiрдегi
(А.Н.Герцен,
В.Г.
Белинский,
А.Н.Радищев, Н.Г. Чернышевский, К.Д.Ушинский, т.б.) оқымыстыларының
жолын қуушы А.Янушкевич, Ф.Достоевский, Т.Шевченко, т.б. зиялы-
демократтар жер ауып келiп, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев
сияқты қазақ демократ-ағартушыларымен достасып, олардың саяси-идеялық,
ағартушылық көзқарастарының қалыптасуына игi әсерiн тигiздi.
Төртінші кезең
– дарынды оқытушы-педагогтер А.Байтұрсынов,
Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, К.Жұбанов, Х.Досмұхамедов,
Ш.Әлімжановтың
аттарымен
байланысты.
Мысалы,
М.Жұмабаевтың
«Педагогика», Ж.Аймауытовтың «Дидактика», «Психология», «Тәрбиеге
көмекші», «Жан дүниесі және өнер таңдау», «Комплексті оқыту жолдары»
секілді еңбектері көпке дейін педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерінің негізгі оқу құралдары болып келеді. Ш.Әлжанов бірінші болып
педагогиканың және психологияның мәселелерін сабақтастыра зерттеп, жоғары
оқу орындарында сабақ беру әдістемесін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |