Ы.Алтынсарин –
қазақ мектебінің негізін қалаушы , ол бірінші болып
«Қазақ христоматиясын», «Қазақтарды орыс тілге үйретудегі бастапқы басшылық»
атты қазақ оқулықтарын жазған. Ы.Алтынсаринның басшылығымен
алғашқы қазақ мектептері мен училишелері ашылды .
Бесінші кезең – 1937 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықта Қазақстандық
педагогика Кеңес педагогикасының жүйесінде дамыды. Бұл кезеңде оқушылар
ұжымының қалыптасуы, отбасы мен мектептің ара-қатынасы, бағдарламалау
және проблемалық оқыту, оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру және
т.б. мәселелері зерттелді. Осы кезеңде педагогика дамуына үлес қосқандар –
С.Қожахметов, С.Аманжолов, Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов, Ә.Сембаев және т.б.
1937-1938 жылғы репрессия мен 1941-1945 жылдардағы соғыс ұлт
мәдениетiнiң өсуiн үлкен тежелуге әкелiп соқтырды.