62
-
шығармашылық мәселелерді шешуде тұлғаның
өзінің жеке іс-әрекетін
және
қарым-қатынасын
түсінуге
бағытталған
рефлексивті
позиция
(В.В.Давыдов, Я.А.Пономарев, И.Н.Семенов, В.В.Столин және т.б.);
-
педагогикалық
іс-әрекетті
үйретудегі
рефлексия
(Н.В.Кузьмина,
Н.В.Кухарев және т.б.);
-
оқу-тәрбие процесін педагогикалық талдау (Ю.А.Конаржевский және
т.б.);
-
оқу-тәрбие процесінде мұғалімнің дидактикалық мүмкіндіктерін ашу
(Ю.К. Бабанский және т.б.);
-
тұтас педагогикалық процесс теориясын жетілдіруді талдау (Н.Д.Хмель,
М.Н.Сарыбеков және т.б.);
-
әдіснамалық мәдениетті қалыптастыру (В.В.Краевский, Я.С. Турбовской,
В.А.Сластенин, З.А.Исаева, Ш.Т.Таубаева және т.б.);
-
педагогикалық
шығармашылық
пен
жаңашылдық
(В.И.Андреев,
В.И.Загвязинский,
Н.Д.Никандров,
М.М.Поташник,
Б.А.Тұрғынбаева,
К.Ж.Бұзаубақова және т.б.).
Рефлексия – адамды ойлауға бағыттайтын адами түсініктің принципі,
танымның әдіс-тәсілдерін сыни талдау, өз білімінің деңгейін білу, өзіндік таным
іс-әрекеті, адамның рухани әлемінің ішкі құрылымын ашып көрсету.
Рефлексивті процестердің мазмұнын Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская
терең
ашуға тырысты:
1)
мұғалім оқушының ойын, зейінін және іс-әрекетін
мақсатқа бағыттау
барысындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің практикалық іс-әрекетінде;
2)
оқушының іс-әрекетін жобалау процесінде: мұғалім оқушының жеке-
дара, дербес
ерекшеліктерін ескере отырып, оның қабілеттерінің дамуына
бағыттайтын оқытудың мақсатына сәйкес жоба құрастыру;
3)
мұғалімнің өз іс-әрекетін
субъект ретінде өзі талдауы, өзін-өзі
бағалауы.
Ғалым В.П.Беспалько
өзіндік рефлексия, өзін-өзі талдау және өзін-өзі
бағалауды педагогикалық шеберлік пен мұғалім
дамуының көрсеткішінің
ажырамас бөлігі болып табылатын кәсіби өзіндік санамен анықтайды:
а) «Белсенді Мен» – қазіргі кезеңдегі мұғалімнің өзін қарастыруы;
ә) «Ретроспективті Мен» – мұғалімнің өзінің жұмысын алғашқы кезеңіне
қатысты көре алуы мен бағалауы;
б) «Мен идеалы» – мұғалімнің кім болғысы келетіндігі;
в) «Рефлексивті Мен» – мұғалімнің
көзқарасында мектеп әкімшілігі,
әріптестері, оқушылар мен ата-аналар оның жұмысын қалай бағалайтындығын
қабылдауы (33-сурет).