Педагогикалық рефлексия –
өзін-өзі тәрбиелеудің негізі. Педагогикалық ұжымның педагог тұлғасының өзін-өзі тәрбиелеуіндегі рөлі. Өзін-өзі тәрбиелеудің үздіксіз білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігін жоғарлатудағы рөлі. «Рефлексия» ұғымы алғаш философия ғылымына енді, индивидтің өз
санасында өзінің жасаған іс-әрекеттерін ой елегінен өткізуін білдірді. Рефлексия
(
“reflexio” латын сөзінен шыққан, тікелей аудармасы – артқа қарау, бұрылу)
қандай да бір нәрсені үйрену мен таңдаудың көмегімен ой елегінен өткізу
процесі.
Рефлексия – жалпы алғанда, адамның өзінің ішкі жан дүниесіне, өзінің
тәжірибесіне, өмірлік іс-әрекетіне сүйенуі, білім беру іс-әрекетінде субъектінің
мотивін ұйымдастыру формаларының бірі және білім берудің алдыңғы қатарлы
жаңашыл тәжірибесінде пайдаланылатын мақсатқа жету құралы.
Рефлексия – субъектілердің бірін-бірі екіжақты (айналы) өзара бейнелеу
процесі. Нәтижесінде бір-бірінің ерекшеліктерін қайта қарай алады. Осының
нәтижесінде төмендегідей рефлексивті процестер ажыратылады: өзін-өзі түсіну
және басқаны түсіну, өзіне-өзі баға беру және өзгені бағалау, өзіне-өзі
интерпретация беру және басқаны интерпретациялау.
«Рефлексия» ұғымының мағынасын философтар, педагогтар, психологтар
жан-жақты ашуға тырысты: