Философиядан 75 емтихан сұрағы: Философия қандай пән?



бет1/19
Дата14.09.2022
өлшемі7,54 Mb.
#149458
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Философиядан емтихан


Философиядан 75 емтихан сұрағы:
1. Философия қандай пән? (Философияның үш түрлі мағынасы)
Философия грек тілінен аударғанда софия даналық фило сүю. Яғни философия даналық дегенді білдіреді, даналықты сүю даналыққа құштар болу деген мағынада қолданылады. Философия сөзің ең алғаш Пифагор қоланған. Кейін Сократ, Платон, Аристотель философияны пәнге айналдырды. Философияның 3 мағынасы:
1. Философия – сенімнің негізі, құндылықтың ішкі коды. Әр адам әртүрлі нәрселерге сенеді. Не үшін біз бір нәрсеге сеніп, бір нәрсеге сенбейміз? Сенімнің негізін аңықтауға талпыну ол да философия. Құндылық – жақсы жаман, дұрыс қате. Әр адамда белгілі бір философиясы болады.
2. Ғылымның анықтаушы, зерттеудің әдіснамасы. Көптеген әлуметтанулық ғылымдар – табиғат философиясы десек болады. Ғылым философиядан басталып, оны нәр етеді. Ғылым мәлім бір нәрсе туралы. Ғылым не үшін, қалай зертейтінің зерттемейді оны философия қарастырады. Философия мәлім бір нәрсені қалай зерттейді, не үшін зерттейді, оның басқа нәрселермен байланысын көрсетеді. Сондықтан философия дамымаса ғылым да дамымайды.
3. Фундаменталды ұғым/сауалдар туралы академиялық пән. Фундламенталды ұғымдар: болу, ғұмыр, ақиқат, ақыл, мағына, мәнділік, құндылық, ар, ой, негіз, тіл. Осы ұғымдарды зерттеп, оларға жауап беретін де философия. Сонымен қатар философия сауалдарға бетпе-бет келеді. Біз нені біле аламыз? Адам еркін бе? Жақсылықты не үшін істейміз? Сияқты философиялық сауалдарға жауап береді, оларды сараптайды.
2. Даналық деген не? Білім мен даналықтың айырмашылығы неде?
Даналық пен білімді адамдар көбінесе бір-бірінен ажыртапайды. Расымен де олардың арасында қатып қалған айырмашылық жоқ. Бірақ білім мәлім бір нәрсені нақты түсіндіреді, айқындайды, сипаттайды. Ал даналық оны негіздейді. Даналық дегеніміз білімді пайдаланып бір нәрсе туралы нақты түсініктерді, деректерді, ақпараттарды пайдаланып шындықты терең ұғыну, дөп айту. Даналық таза сол беті айтылмайды, онда теңеу, символдау қолданылады.
3. Философияны не үшін үйрену керек?
Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосар білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет.
Философияның басты ерекшелігі — әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет