Философиядан 75 емтихан сұрағы: Философия қандай пән?


Философияның қандай тармақтары бар? Олар нені зерттейді?



бет2/19
Дата14.09.2022
өлшемі7,54 Mb.
#149458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Философиядан емтихан
Перечень конкурсов по приказу МОН РК, kovi, stiven r. zhasampaz zhandard n 7 dagd s . tulgan dam tud n tegeurindi tetikteri, Інжу
4. Философияның қандай тармақтары бар? Олар нені зерттейді?
Философияның үлкен екі түрі бар.
1. Академиялық философия(Метафизика-дүниенің түп нұсұасы, Эпистемология-білім, Аксиология-құндылық, Методология-әдіс сияқты арнайы тақырыптарға зерттеу жүргізеді)
2. Ақынжанды философия(Әдеби сипаты қою, еркін философия, өмір мәні туралы ізденіс.)
Метафизика-физика шеше алмайтын мәселелерді физиканың арғы жағында тұрған түпнұсқа шындықты сенімді аргументтермен анықтау.Оның ұғымдары: шын, уақыт, ғұмыр, себеп, әлеует, құдай. Екі саласы бар: космология, онтология-бар болу, болмысты өмір сүруді зерттеу.
Эпистеме-білім деген сөз. Білімнің қайнары, білімнің өзгерісі, шекарасы дамуы, алынуы. Оның ұғымдары: білу, білім, интуиция, ойлау, түйсік, зерде
Логика-эпистемологияның бір тармағы ретінде ойлаудың құрылымын зерттейді, негізінен дұрыс ойлау.
Этика-моралды зерттейді. Мораль: жақсылық, жамандық, құндылық, дұрыс-қате
Эстетика-сұлулық, көркемділік, әдемілік, қазақтың күйлері, жырлары, дастандары бұлардың барлығы эстетикаға тұнып тұр десек болады. Оның ұғымдары: сұлулық, талғам, толқу, түйсік.
Аксиология - құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім.
5. Сізде қандай фундаменталды сауалдар бар? Қандай фундаменталды ұғымдарды білесіз?
Фундламенталды ұғымдар: болу, ғұмыр, ақиқат, ақыл, мағына, мәнділік, құндылық, ар, ой, негіз, тіл. Осы ұғымдарды зерттеп, оларға жауап беретін де философия. Сонымен қатар философия сауалдарға бетпе-бет келеді. Біз нені біле аламыз? Адам еркін бе? Жақсылықты не үшін істейміз? Сияқты философиялық сауалдарға жауап береді, оларды сараптайды.
Философия түрлі сауалдардан тұрады. Сауал дегеніміз-күрделі сұрақтар.Адам бетпе-бет келетін тағдырына қатысты сауалдар.Мысалы:
1)Біз нені біле аламыз?
2)Білгеніміздің растығын қалай дәлелдейміз?Дұрыспа?Білім ба?
3)Не нәрсе жалған?Не нәрсе шын?
4)Не үшін жақсылық жасаймыз?Жамандықтың жақсы жағы барма?
5)Адам еркін бе?
6)Сұлулық деген не?Сезім бе,әлде нақты шындық па?
7)Бар болу нені білдіреді?Жоқ болу ше?
Осылар философиялық сауалдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет