Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970 жж.) өзінің педагогикалық жүйесінде әрбір оқушының жан-жақты дамуының,
дара ерекшеліктері, бейімділігі, қызығушылығы және тағы басқа кабілеттерінің
жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. «Павлыш орта
мектебі», «Балаға жүрек жылуы», «Ұжымның құдіретті күші», «Мектептің жас
директорымен сырласу» және т.б. құнды еңбектері арқылы В.А.Сухомлинский
жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.
ХХ ғ. басындағы тарихи жайт – 1917 жылғы Ұлы Қазан төңкерісімен
байланысты. 1918-1931 жылдары білім беру мен оқытуды түбегейлі оқыту қайта
құру жүйесінің жылдары болды. Осылайша төңкеріске дейінгі мектептегі білім
берудің құрылымы жаңа жүйемен ауыстырылды. Оның ішінде оқытудың жаңа
кешенді бағдарламалары енгізілді; сынып-сабақтық оқыту жүйесі бригада-
зертханалық әдіске ауысты. Оқушыға игеруге берілетін оқу материалдары
мұғалімнің қадағалауымен меңгерілетін, жүйелі оқыту тәжірбие жүзінде іске
асатын жобалау әдісімен ауыстырылды. Еңбек және оған дайындау, еңбекпен
айналысу негізгі мазмұн мен оқыту әдістемесін құрады.
Мектептің өзі алдыңғы жалпы білім беретін орындардың (гимназия, лицей,
училище, шіркеулік және жергілікті мектептер, т.б.) типтерін ауыстырып,
бірыңғай еңбектік (ресми түрде -1918 жылдан бастап бірыңғай еңбектік мектеп)
болып аталды. Бұл оқытудың дәстүрлі жүйесінен бас тартып, оқытудың мүлдем
жаңа теориясымен білім берудің тәжірибесін іздеудің белсенді кезеңі болды.
1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтыған қазіргі
кезең оқытудағы педагогикалық технологияларды, соның ішінде ақпараттық-
коммуникативтік технологияны және тұлға-бағдарлық білімді беруді енгізу
мәселелеріне
қатысты
қызығушылықтың
туындауымен
сипатталады.
Педагогикалық инновацияның, педагогикалық мониторингтің, менеджменттің
теориялық негіздері зерттелінді. Бұл сұрақтарды зерттеуде Ю.А.Конаржевский,
Т.И.Шамова, М.М.Поташник, Л.С.Подымова, М.В.Кларин, Г.К.Селевко,
В.П.Беспалько, Е.В.Бондаревская, И.С.Якиманская және т.б. ғалымдар зор үлес
қосты.