Тәрбие – қоғамдық құбылыс . Қоғамның материалдық жағдайының өсуі,
идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны
мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып
отырады. Тәрбие –
мақсатты процесс.
Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір
жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.
Тәрбие – біртұтас процесс . Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді.
Тәрбие
ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ
дәуірді қажет етеді. Екіншіден тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың
нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке
тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы
бірыңғай қалыптасып дамымайды.