Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру



Pdf көрінісі
бет106/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру
педагогикалық процесс), олардың өзара байланысы. Педагогикалық 
ғылымдарда пәнаралық ұғымдардың (іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, 
әлеуметтену, қалыптастыру) қолданылу ерекшелігі.
Педагогиканың негізгі ұғымдарына тәрбие, білім беру, оқыту жатады. 
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың 
байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардың негізгісі – 
тәрбие
. Тәрбие дегеніміз–
адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, 
жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға 
қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.
Тәрбие – педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген 
адамдары – мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін 
мақсатты процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның 
қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып 
әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.


74 
«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті 
азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді 
адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа 
болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев). 
Тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер 
азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін – оны өмір сүре 
білуге, өзін қоршаған орта мен қарым-қатынас жасай білуге үйрету. 
Олай болса
тәрбие процесі деп – қоғамның талап тілектеріне сай әрбір жеке 
тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін 
жүйелі 
түрде 
қалыптастырып, 
дамытудағы 
тәрбиешілер 
мен 
тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз. Тәрбиенің қоғамдағы 
атқаратын қызметіне орай
өзіндік ерекшеліктері
бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет