келісімшарт алдына келгенде, оған қол коюдан бас тартады.
Кэсіби инвесторлар — Blue Wire Capital мен «Спутник» то-
бымен жұмыс істегісі келмей қалады. Оның орнына ашық
нарықтағы шағын жекеменшік
инвесторлардан көмек
сұрайды. Неге? “Жылдар өте мен өзіңді тыңдау керектігін
түсіндім, - дейді ол. - Бір кездерде шешімді ақылмен қа-
былдау керек, бір кездерде жүрекпен. Өйткені жүрек деген
— мотивация. Ал мотивациясыз бизнес болмайды. Моти-
вациясыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес. Ақшаның өзі
ештеңе емес. Әлемді энтузиазм билейді.
Мен формальді
бизнес-жоспарлар құрастырып, өзімді алдап,
мағынасыз
тірлікке уақыт жоғалтқым келмейтінін түсіндім. Бұл менің
энергиямды соратын еді. Ал сен айтарлықтай бірдеңе жа-
сағың келгенде, күшті үнемдеу керек. Үлкен спортқа қара.
Бірінші болу үшін эр қимыл маңызды.
Мен рационалды,
нәтижеге жүмыс істейтін кәсіпкермін. Мақсатыма жету
үшін мен өзіме ұнамайтын нәрселерді істеуге,
тіпті жақсы
көріп кетуге көндіретінмін. Алайда қазір түсіндім. Менің
бизнесім үшін бұл деңгейде басқа, жақсырақ шешім бар”.
Достарыңызбен бөлісу: