ЕКІНІИІ БОЛМА
«елімді өзгертемін» деген екен. Елін өзгерте алмағаннан
кейін, «өзімнің қаламды өзгертемін» деген екен, қаласын
өзгерте алмаған соң, «отбасымды өзгертем» деген, ол да
болмаған соң, «ең болмаса, өзімді өзгертейін» деп айтқан
екен. Өмірі өтіп, өзін өзгерткеннен кейін, отбасының да
өзгергенін байқаған. Сол кезде: «Мен қателесіппін. Мен
элмеді өзгертпес бұрын, өзімді өзгертуім керек еді. Өзімді
өзгерткенде, қасымдағылар да өзгеретін еді» деген екен.
Сондықтан да, энергиямызды, күш-қуатымызды өзіміз
эсер ете алмайтын нәрсеге жұмсамау өте оңай жэне маңы-
зды лайфхак деп білемін.
Неге бізге қатысы жоқ мәселеге бұлқан-талқан болып,
күйіп-пісіп, энергиямызды кетіріп, уақытымызды жоғал-
тамыз? Басқаға уақыт тапсақ, неліктен өзімізге уақыт тап-
пасқа?
Менен көптеген азаматтар: «Қуаныш мырза, қалайша
осыншама кітап оқисыз?» - деп сүрайды. Жауабым оп-
оңай: біреуді өсектемесең, жаңа эліпби ойлап таппасаң, бо-
стан бос уақытынды алатын таныстардан құтылсаң, онда
кітап оқуға да уақытың жетеді.
Алдыңғы жылы алпыс екі кітап оқып шықтым, осы
жылы жетпіске жеткіздім. Кітап оқу - өзіңді дамытудың
негізгі қүрамдас бөлігі, осыны үмытпа. Уақытты зая кетір-
мей, кітаптан білім нәрімен сусындап, шөліңді қандыр.
Ескертетінім, кітаптың соңында, маған пайдасы тиген
кітаптар мен фильмдердің тізімін беремін, кэдеге жарар
деп ойлаймын.
Тағы бір мәселе - біз өзімізге «адвокат», ал біреуге
«прокурормыз». Қазір біреуге кішігірім болса да сын ай-
тып көрші, мысалы, «Неге кешіктің?» десең, өзін ақтап алу
үшін елу екі сылтау ойлап табады. Ал сен, кешігіп баршы,
23
«неге біреудің уакытын бағаламайсың?», «ерте шықпадың
ба», «өзінше болып кетіпті» дегендей бұған да елу екі сын
тауып береді. Біреудің бойынан мін іздегенше, өзіңді түзет,
мінсіз нүсқаңа талпын. Өзгемен емес, өзіңмен жарыс!
«Versus» академиясында талай дэріс өткізіп, кейстерді
қарастырдық. Бес жүз мың теңге алып (иә, бір адамнан,
демек оның ақшасы бар), он мың теңге алып та, тегін де
тренинг өткіздік. Үңіліп қарасақ, бэрінде мәселе бір - көп
адамда мақсат жоқ! Бірақ, бұл қалыпты жағдай, себебі,
мақсатты айқындау - ол қиын нэрсе.
Бізде тағы жетістік жоқ! Қазіргі таңда барлығы да шет
тілдерін үйреніп жүр, заман талабына еліктейді. Курстарға
жазылдым, тіл үйреніп жүрмін ғой деп өзін алдайды, түбін-
де ештеңе шықпайды. Ал шын мәнінде, жүрттан қалмау
үшін емес, өзі үшін оқыса, IELTS, TOEFL дегендерден 7
балл алса, жылына үш мың сөз жаттаса, міне бүл -жетістік.
Тағы бір айтып өтетін мәселе - бізде мотивация жоқ.
Маған келетін адамдардың 80%-ның айтатыны «Қуаныш
аға, маған мотивация беріңізші». Келіп, гіалау сұраса берер
едім, ал мотивация деген - кейде бар, кейде жоқ нәрсе.
Әр нәрсеге алдын ала дайындықпен келгенді жақсы
көремін. Сондықтан да, ақыл айтпастан бүрын, зерттеу
жүргіздім. Өзімнің Instagram-дағы @kuantr парақшамда
сауалнама өткіздім. «Армандарыңызға жетуге не кедергі?»
деген сүрақ қойдым оқырмандарыма. Енді, келген жауап-
тарға назар аударайық:
Ең көп таралған жауап — «Инстаграмдағы достарымы-
ның суретіне лайк басу». Шын, қазіргі заманда ең қиын
кезең - ол жазғы және қысқы демалыс уақыты. Достарың-
ның барлығы қыста Тайландқа, ал жазда Түркияға дема-
луға кетеді. Сенің де баргың келеді-ақ, бірақ мүмкіндігің
24
|